¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
172
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
– Кімде-кім бұл ізгі істерді мүлтіксіз орындаса, міндетті түрде
жәннатқа кіреді, - деді
(Мүслим, Фадайлус-сахаба 12)
.
Намаз, ораза секілді, сондай-ақ жаназа намазы, пақырды тойғызу,
сырқаттың көңілін сұрап шығу іспетті әлеуметтік құлшылықтарды
атқара білу нендей ұлы ахлақ десеңізші!? Хақ Тағала құлдарының
осындай болуын қалайды.
***
Қайыс ибн Әбу Хазым былай деп әңгімелейді:
«Хаббаб ибн Арат (р.а.) сырқаттанып қалған еді. Көңілін сұрап
шығуға бел байладық. Үйіне келсек, ол денесін жеті жерден күйдіртіпті.
Бізге қарап: «Ескі достарымыз, дүниеге ұстатпастан о дүниелік болып
кетті. Ал біз, көп дүние-мүлікке ие болғандығымыз соншалық, қоятын
жер таба алмай топыраққа көмдік. Егер Пайғамбарымыз (с.а.у.) өлу үшін
дұға етуге тыйым салмағанда, Аллаһтың жанымды алуын тілер едім», -
деді».
Басқа бір күні Хаббабтың үйіне барсақ, қабырға тұрғызып жатыр
екен. Бізге назар салып: «Мұсылман Аллаһ үшін жұмсаған кез келген
нәрсесінен сауап алады. Тек мына батпаққа жұмсағанынан қолына еш
нәрсе түспейді», - деді
(Бұхари, Мәрда 19, Дағауат 30, Риқақ 7, Тәманни 6; Мүслим,
Зікір 12; Тирмизи, Қиямет 40; Нәсай, Жанайз 2)
.
***
Сағит ибн Илақа былай деп әңгімелейді:
«Хазірет Әли (р.а.) қолымнан ұстап: «Кәнекей, сенімен бірге
Хасанның көңілін сұрап шығайық», - деді. Хасанның үйіне барсақ, оның
жанында Әбу Мұса (р.а.) отыр екен. Хазірет Әли оған қарап: «Уа, Әбу
Мұса! Сырқаттың көңілін сұрап шығуға келдің бе? Жоқ әлде осы үйге
соғып кетейінші деп келдің бе?» - деп сұрады.
Әбу Мұса (р.а.): «Сырқаттың көңілін сұрап шығуға келдім», - деп
жауап берді.
Хазірет Әли (р.а.): «Аллаһ Елшісінің (с.а.у.): «Бір мұсылман
сырқаттанып қалған мұсылман бауырын таңертең көңілін сұрап шығуға
келсе, жетпіс мың періште кешке дейін оған «Аллаһ мейірімділік
танытсын» деп дұға етеді. Ал егер көңілін сұрап шығуға кешке келсе,
жетпіс мың періште таңға дейін оны «Аллаһ кешірсін» деп дұға етеді.
Әрі ол кісі үшін жәннатта жиналып қойған жемістер бар»,-деп айтқанын
естіген едім», - деді»
(Тирмизи, Жанайз 2/969; Әбу Дәуіт, Жанайз 3; ибн Мәжә,
Жанайз 2)
.
***