(
165
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Аурудың көңілін сұрап шыққан кісі, қайтып оралғанша жәннат
жолында болады»
(Мүслим, Бирр 39)
.
«Бір мұсылман сырқаттанып қалған мұсылман бауырының көңілін
сұрап шығу үшін жолға шықса, қайтып келгенше пейіштің хурфасында
болады».
Сахабалар: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Пейіштің хурфасы дегеніңіз не?» -
деп Пайғамбарымыздан сұрады.
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Ол жәннаттың жемісі»
, - деп жауап берген
екен
(Мүслим, Бирр 40-42)
.
Осындай маңыздылығы бар іске енжарлану, кез келген мұсылманға
орасан зор залалын тигізеді. Әрі ауыр жауапкершілік болып табылары
сөзсіз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) мұсылмандарға бұл істің маңыздылығын
төмендегі мына хадис-шәріпте айтып өткен.
«Аллаһ Тағала қиямет күнінде былай дейді:
– Ей, адам баласы! Сырқаттанып қалдым. Сен менің көңілімді
сұрамадың? Адам баласы:
– Сен әлемдердің Раббысысың, мен Сенің көңіліңді қалай сұрап
шығар едім? - дейді. Аллаһ Тағала:
– Пәленше деген құлым сырқаттанып қалған еді. Сен оның көңілін
сұрап шықпадың. Оған кіріп шықсаң, мені соның қасында табар едің.
Мұны білмеуші ме едің? - дейді
(Мүслим, Бирр 43)
.
Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.) сырқаттың жасаған
дұғасының, періштелердің сұраған дұғасы тәрізді болатындығын
білдірген.
99
Әрі Аллаһ Елшісі:
«Сырқаттанып қалған жанның көңілін сұрап
шығыңдар! Сендерге дұға етуін сұраңдар. Өйткені сырқаттың дұғасы
қабыл болады. Күнәсі да кешіріледі»
, - дейді
(Суюти, әл-Жәмиғус-Сағир II, 57)
.
Сырқаттың қасында үміт толы сөздер айтылуы керек.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) төмендегі мына өсиетіне сай әрекет етілуі
қажет:
«Ауру-сырқатқаұшырағандарменмарқұмныңқасындаболғандарыңда
жақсы сөз айтыңдар. Өйткені періштелер сендердің дұғаларыңа «әмин»
деп тұрады»
(Мүслим, Жанайз 6; Әбу Дәуіт, Жанайз 15)
.
Ал егер науқас өлім аузында жатса, оған «ләә иләәһә иллаллаһ», - деп
«тәлқин» жасау ләзім.
100
Бірақ сырқаттың мазасын алмай, мәжбүрлемеу
99. Ибн Мәжә, Жәнайз 1.
100. Мүслим, Жәнайз 1-2.