¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
180
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Пайғамбарымызға (с.а.у.) келді.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Бұл алтынды қай жерден таптың?» - деп
сұрады.
Кісі: «Кеннен таптым», - деп жауап берді.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Біз оған мұқтаж емеспіз. О да жақсылық жоқ»,
- деді. Артынша кісінің қарызын өзі өтеп жіберді
(Әбу Дәуіт, Буюу, 2/3328; ибн
Мәжә, Садақат 9)
.
Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) қарыз болып қалған кісіден кеннен шығарған
алтынын қабыл етпеуі, Пайғамбарымыз (с.а.у.) білген бір мәселеге
байланысы болуы мүмкін. Әйтпесе Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бұл
әрекетінен кеннен шыққан алтынға иелік етіп, оны қолдануға болмайды
деген мағына шықпайды. Немесе Пайғамбарымыз (с.а.у.) кепіл болған
алтын өңделген алтын еді. Ал әлгі кісі әкелген алтын өңделмеген алтын
болатын. Әрі Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жанында оны сатып алар ешкім
болмаған еді.
***
Жәбир (р.а.): «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сапарда ең соңынан жүретін.
Әлсіз, нашарларға жәрдем етіп оларды өз көлігіне мінгізіп алатын. Әрі
олар үшін дұға ететін», - дейді
(Әбу Дәуіт, Жиһад 94/2639)
.
***
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) қарыздар болып қалған жандарға қол ұшын
берген жанның нендей сауапқа кенелгендігін былай деп жеткізеді:
«Сендерден бұрын өмір сүрген бір кісіге, жанын алуға өлім періштесі
келеді.
Періште оған қарап:
– Игілік жасап па едің? - деп сұрайды. Кісі:
– Білмеймін, - деп жауап береді. Періште қайтадан:
– Дұрыстап ойлан! (Бәлки есіңе түсер), - деп сауал қойды. Кісі:
– Еш нәрсе есіме түспей тұр. Бірақ мен адамдармен сауда-саттық
жасайтынмын. Сол сауда-саттықта бай-әлауқатты кісіге өтеу мерзімін
ұзататынмын. Ал пақырға (ақшасын өтеуде кеңшілік жасап) жеңілдік
көрсететінмін, - деді.
Аллаһ Тағала оны (осыигілігінің арқасында) пейішке кіргізді»
(Бұхари,
Буюуғ 17-18; Мүслим, Мусақат 26-31)
.
Басқа бір риуаятта былай делінген:
«Адамдарға қарызға ақша беретін бір кісі өмір сүрген еді. Ол
қызметшісіне: «Қиыншылыққа тап болған пақырға барғаныңда,