(
185
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Сонымен қатар, қарызға ақша беру үрдісін жандандыруымыз керек.
О дүниелік болғанымызда мұндай мүмкіндік бізге тимейді. Әл-ауқаты
жақсы жандар, алуан түрлі сылтауға бой алдырмай мұқтаждарға қарызға
қаражат беріп тұрғаны жөн. Ал мұқтаждардың міндеті, әуелі қарызын
өтеуге күш салуы ләзім.
Оған қоса, жолда қалып қойғандарға жәрдем беруге мән беру қажет-
ақ. Өйткені олардың дұғалары міндетті түрде қабыл болады. Хақ Тағала
қаншама бай болса да, жолда қиыншылыққа душар болған жанның зекет
ақшасын алуға құқығы бар екендігін Құран Кәрімде атап өткен.
Қожа Ахмет Яссауи Диуанул-хикметінде былай дейді:
Қайда жүрсең де көңілі жарымға мейірімді бол сен,
Егер мазлұм жолда қалса ойланғын сен,
Махшар күні құзырында адал бол сен.
................
Ақылды болсаң, ғаріптердің көңілін аула,
Мұстафа секілді дүние шарлап, жетімді аула!..
г) Аштарды тамақтандыру, шөлдегенге су беру
АллаһТағалаға құлшылық ету үшінжаратылған адамның ең үлкен тән
мұқтаждығы азық болып табылады. Адамз т баласы бұл мұқтаждығын
өтей алмаса, өмір сүруі мүмкін емес. Әрі негізгі мақсатын, яғни
құлшылық ете алмайды. Сондықтан аштарды тойғызу, сусағандарға су
беру өмірлік маңызы бар қызметтердің бірі. Ислам дінінің ғұламалары:
«Сый-құрметтің ең ұлығы тағам беру. Өйткені адамның материалдық
құрылысы тағам арқылы өз функциясын атқарады. Әрі өмір тек ас ішу
арқылыболмақ»,-депасішудіңмаңыздылығынатапкөрсеткен.Қоғамдық
қызметте әрі құлшылық болып табылатын аштарды тамақтандыруда
терең иләһи сыр жатыр.
Хақ Тағала Құрайыш руына берген нығметтерінің арасында осы
игілігіне Құран Кәрімде тоқталады.
«Олар,
(құрайыш руы)
аштықтан құтқарып тамақтандырған, әрі
барша қауіп-қатерден аман алып қалған Раббыларына құлшылық
етсін!»
(Құрайыш сүресі, 3-4 аяттар)
.
Аллаһ Тағала бүкіл жаралылысты ішкізіп-жегізгенін, ал өзінің бұған
мұқтаж емес екендігін білдіре отырып «тамақтандырған»
101
етістігін
өзіне қарата айтқан. Олай болса мұсылман баласы, аштарды тойғызуға
101. Әнғам сүресі, 14-аят.