Previous Page  187 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 187 / 462 Next Page
Page Background

(

187

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

«Сен әлемдердің Раббысысың, мен Саған қалай су берер едім?» - дейді.

Аллаһ Тағала:

«Пәленше деген құлым, сенен су сұраған еді. Сен бермедің. Егер оған

сұрағанын бергенде, бергеніңнің сауабын менің құзырымда алар едің.

Мұны білмеуші ме едің?» - дейді»

(Мүслим, Бирр 43)

.

Демек, Аллаһтың қалауы аштарды тойғызумен ұштасады екен. Хақ

Тағала осындай маңыздылығы бар қоғамдық қызметті іске асырған

ықыласты құлдарын былай деп мадақтайды:

«

(Олар)

өздерінің тәбеті, мұқтаждығы бола тұра, қолындағы

тамағын пақырға, жетімге, тұтқынға береді.

(Олар)

күмәнсіз: Сендерді

тек Аллаһ разылығы үшін тамақтандырамыз! Сендерден ешқандай

төлеу

(ақы)

немесе алғыс күтпейміз!». Біз бәлелі, машақатты күнде

Раббымыздың

(қаһарына ұшыраудан)

қорқамыз!»,-дейді. Сондықтан

Аллаһ Тағала оларды сол күннің жамандығынан сақтап, жүздеріне нұр

мен қуаныш ұялатады»

(Инсан сүресі, 8-11 аяттар)

.

Ашжандардытамақтандырмау, оларға қамқор болмауҚұранКәрімнің

суреттеуі бойынша «асудан өте алмау» болып табылады.

Аллаһ Тағала былай дейді:

«

(Бірақ)

ол асудан өте алмады. Ол асудың не екендігін білесің бе?

Құл азат ету немесе ашаршылықта жақындығы бар жетімді яки аш

пақырды тамақтандыру»

(Бәләд сүресі, 11-16 аяттар)

.

Жетім мен пақырды тойғызу берекелі іс. Осындай берекені пайдалана

алмай, дер кезінде әрекет етпегендер қиямет күні пұшайман болады.

Олардың қияметтегі қайғы-қасіретін төмендегі мына аяттардан көре

аламыз:

«Дәптері оң жақтан берілгендер жәннатта болады. Олар

күнәһарлардан: «Сендердің тозаққа түсулеріңе не себеп болды?» - деп

сұрайды.

(Олар)

: «Бізге өлім келіп жеткенше, біз намаз оқитындардың

қатарынан емес едік! Әрі міскіндерді тамақтандырмайтынбыз.

Бүлікшілдермен бірге

(бүлікке)

кірісіпжүретінбіз. Қиямет күнінжоққа

шығаратынбыз! Оларға шапағатшылардың шапағаты пайда бермейді»

(Мүддасир сүресі, 39-48 аяттар)

.

Кез келген мүмин қолынан келгенше аштарды тойғызуға күш салуы

тиіс. Өзімен ғана шектеліп қалмай, өзге мүминдерді да осындай игі

істердің жүзеге асырылуына жәрдем етуге шақыруы қажет. Өйткені

ұлы Раббымыз, өзі пақырды тамақтандырмаумен қатар, өзгені бұл іске

үндемеген жандарға мынадай ескерту жасайды.

«Бір-біріңді міскіндерді тамақтандыруға шақырмайсыңдар!»

(Фәжр

сүресі, 18-аят)

.