¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
186
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
және сусағандарға су беру арқылы үлкен сауапқа қол жеткізеді.
ХақТағалаосындайигі істерді іске асыруғақұлдарынүндеп,шалынған
құрбандық үкімі жайлы былай дейді:
«
(Шалынған құрбандықтың етінен)
өздерің де жеңдер! Һәм
пақырларға, һәм жоқ-жітікке де жегізіңдер!»
(Хаж сүресі, 28-аят)
.
«Шалынған құрбандықтың етінен өздерің де жеңдер! Һәм
мұқтаждығын жасырған һәм жасырмаған пақырларға жегізіңдер!»
(Хаж сүресі, 36-аят)
.
Шариғатта кейбір жазалардың үкімі, пақырларды тамақтандырумен
ұштасады. Мысалы, анттың кәффараты он пақырды,
102
ал зиһардың
кәффараты алпыс пақырды тамақтандыру болып табылады.
103
Ихрам кигеннен кейін аң өлтірген кісі, жаза ретінде пақырларды
тамақтандырады.
104
Ораза ұстауға шамасы жетпеген кісі, ораза ұстамаған
әрбір күніне бір пақырды тойғызатындай фидия береді.
105
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді:
«Сырқаттың көңілін сұрап шығыңдар! Аш кісіні тамақтандырыңдар!
Тұтқынға түскендерді құтқарыңдар!»
(Бұхари, Жиһад 171, Атғима 1, Неке 71,
Марда 4).
Құдси хадистердің бірінде Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:
«Қиямет күні Аллаһ Тағала:
«Ей, адам баласы! Сенен, мені тамақтандыруыңды сұрадым. Сен мені
тамақтандырмадың», - дейді.
Адам баласы:
«Сен әлемдердің Раббысысың, мен Сені қалай тамақтандырар едім?»
- дейді.
Аллаһ Тағала:
«Пәленше деген құлым, сенен тамақ сұраған еді. Егер оған тамақ
берсең, бергеніңнің сауабын менің құзырымда міндетті түрде алар едің.
Мұны білмеуші ме едің?» - дейді.
Аллаһ Тағала:
«Ей адам баласы! Мен сенен су сұраған едім. Сен бермеп едің», - дейді.
Адам баласы:
102. Мәйда сүресі, 89-аят.
103. Мүжәдала сүресі, 4-аят.
104. Мәйда сүресі, 94-аят.
105. Бақара сүресі, 184-аят.