(
197
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
әбден мүмкін. Уақыты келгенде бір тілім нанның өмірлік құны болады.
***
Хазірет Ұбайдулла ибн Ахрар өз басынан өткен уақиғасын былай деп
әңгімелейді:
«Бір күні базарға бардым. Бір кісі қасыма келіп: «Ашпын. Мені Аллаһ
разылығы үшін тамақтандыршы», - деді. Қалтамда көк тиыным жоқ еді.
Тек ескі сәлдем бартұғын. Бір асханаға кіріп аспазға: «Мына сәлдемді
алшы. Ескі, бірақ таза. Жуған ыдыстарыңды сүртіп құрғатасың. Бірақ
мұның қайтарымы ретінде мына аш кісіні тойдырсаң болғаны» - дедім.
Аспаз ол пақырды жақсылап тамақтандырды. Сәлдемді маған
қайтарып бермекші болды. Қанша өтінсе де ұсынысын қабыл етпедім.
Өзім де аш едім. Ол пақыр тойып алғанша жанында күтіп отырдым».
***
Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) кеудесінде жаны бар
әрбір жаратылысқа жақсылық жасау арқылы Аллаһтың разылығына қол
жеткізуге болатынын айтқан еді. Мұсылмандар осыған сәйкес әрекет
етіп хайуанаттарды тамақтандыруға, тіпті өсімдіктерге қарауға аса үлкен
мән беретін. Бұған қатысты бірнеше мысал келтірелік.
Ата-бабамыз уақытында «бауыр сатушы» деген жұмыс ойлап тапқан
еді. Бұл іспен айналысқан кісі ұзын сырыққа бауырларды іліп алып
көшелерді, базарларды шарлап жүретін. Жолда оған кезіккен игі іс
істеуді жанындай жақсы көретін жандар бауырларды сатып алып, аш
мысықтарға, иттерге тарататын. Ал қайтарымын, сауабын Аллаһтан
күтетін.
106
***
ИталиялықРиколдодеМонтеКросXIIIғасырдыңекіншіжартысында
ислам әлеміне саяхат жасады. Ислам әлемінде көріп-білгенін таңдана
отырып, былай деп жазған еді:
«Мұсылмандар уақыф құруға аса құмар, өте жомарт жандар. Тіпті
игі іс жасау үшін христан тұтқындарды сатып алып, азат етеді. Ол істің
сауабын әке-шешесінің рухына бағыштайды. Мұсылмандар, иттердің
тамақтандырылуы үшін өз дүние-мүліктерінен пай айырады. Түркияның
және Иранның көптеген қаласында иттерді тамақтандыруды өсиет еткен
жандардың өсиетіне қарай бұл іске айырған қаражатқа сәйкес жұмыс
істейтін итке қарап, бағатындар да бар».
107
***
106. М.А.Убужини, Түркия 1850, Тержуман 1001 Темел есер, ІІ, 455.
107. Онур Билге Кула, Алман күлтүрүнде түрк имгеси, Анкара 1993, 51-бет.