(
203
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Пайғамбарымыз (с.а.у.) қастарына келіп: «Оны жууды, оң жағынан және
дәрет алып жүрген мүшелерінен бастаңдар. Су және сидрмен
115
тақ
санмен, үш, бес немесе жеті мәрте, қажет деп ойласаңдар одан көп мәрте
жуыңдар. Ең соңғы суға кафур салыңдар. Жуып бітіргенде, маған хабар
беріңдер», - деді.
Әйелдер Хазірет Зейнептің шашын тарап, үшке бөліп жинап қойды.
Жиналған шаштың екеуі Зейнептің басының екі жанының, ал біреуі
басының алдыңғы бөлігінің шашы еді. Жуып біткенде Аллаһ Елшісі
үстіндегі киімін беріп: «Мұны Зейнепке іш көйлек етіңдер», - деді
(Бұхари,
Жанайз 8-17; Мүслим, Жанайз 36; ибн Сағд VIII, 34-36)
.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) жаназа намазын оқыды. Кейін қатты мұңайып,
қайғырып қабірге түсті. Біраз тұрғаннан кейін күлімсіреген күйде
қабірден шығып: «Зейнептің арықтығын ойлап, оған қабірдің тарлығын
кеңейтуін және қайғысын жеңілдетуін Аллаһтан тілеп, дұға еттім. Аллаһ
Тағала дұғамды қабыл етіп, оған қабір қиыншылығын жеңілдетті», - деді
(Ибн Әсир, Усдул-Ғаба VII, 131)
.
Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) жақсы көретін қызы, ислам діні үшін аянбай
тер төккен тақуа, салиқалы әйел қабірдің қиыншылығына душар болып
жатса, біздің халіміз қандай болмақ? Сондықтан келешегімізді ойлап,
әрдайым жасаған іс-әрекеттерімізге ауық-ауық көз жүгіртуіміз ләзім.
***
Ауф ибн Мәлік (р.а.) былай дейді:
«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бір кісінің жаназа намазын оқыды. Сол кезде
былай деп дұға еткендігін естідім. (Әрі) жаттап алдым.
«Аллаһым! Оның (күнәсін) кешір! Рақым ет! Оны азап пен
қиыншылықтан сақта! Кемшіліктерін кешір! Жәннаттан алар пайын
нәсіп ет! Қабірін кеңейт! Оны сумен, қармен, мұзбен жу! Ақ киімді
кірден тазартқан секілді, оны күнәларынан арылт! Оған өз үйінен артық
үй, өз жанұясынан артық жанұя, өз әйелінен артық әйел нәсіп ет! Оны
жәннатыңа кіргіз! Қабір және тозақ азабынан сақта!»
Осындай керемет дұғаны толығымен естігенде, ішімнен: Әттең! Көз
жұмған мен болсамшы!» - деп тіледім»
(Мүслим, Жанайз 85)
.
***
Әнәс (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Пайғамбарымыз (с.а.у.) бірнеше сахабаларымен бірге тұрғанда,
олардың қасынан бір жаназа өтті. Сахабалардың бағзылары марқұм
115. Сидр: Арабстанда өсетін қою көлеңкелі шие ағашы. Сидр ағашының жапырақтарын
суға араластырып барып жаназа жуылады. (Асым Ефенди, Қамус ІІ, 385).