(
209
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Міне осы хадистердің баршасы дүниемен қош айтысқан мүминдердің
көзі тірісінде жасаған игіліктерінің қызығын көретіндігіне айғақ бола
алады. Оған қоса, артында қалып қойған ұрпағының олардың атынан
жасаған игіліктерінің пайдасы тиетіндігіне дәлел.
***
Қысқасы, ислам діні адам баласына қажетті күллі қағидаларды
сыйға тартқан. Әрбір қадамына ерекше әдеп тармақтарын сыйлаған.
Тіпті бақилық болған мұсылманның ертерек жерленуіне, жақсылап
кебінделуіне, жуылып арулануына ерекше көңіл бөлген. Олай болмаған
күнде жағымсыз көріністер пайда болуы әбден мүмкін.
Сонымен қатар ислам діні ұсынған бұл қағидалар топтамасы Хақ
Тағаланың құлына нендей баға беретіндігін көрсетеді. Ұлы Раббымыз
сүйікті құлдарыныңтыныштық, берекеұялағанқоғамда ғұмыркешулерін
қалайды. Иә, Аллаһтың әмірлеріне құлақ аспаған қоғамның жағдайы
мәз болмайды.
Көңіл айтып шығу, исламның аса маңызды міндеттерінің бірі болып
табылады. Кез-келген жанның қиын шақта, жұбатуға мұқтаж болары
сөзсіз. Сол себепті біз, яғнимұсылмандар дінбауырымыздыңқуанышына
да, қасіретіне де ортақ болуымыз қажет.
5. Жақсылықжасауда жарысужәне асығу
Адамзат баласына санаулы күн ретінде берілген өмір нығметі иләһи
бір емтихан. Ақылды жан бұл құнды әрі шектеулі мүмкіндікті ең көркем
түрде және пайдалы өткізудің жолын қарастырады. Бұл жайлы Хазірет
Әбу Бәкір (р.а.) былай дейді. «Дүние мүминдердің базары. Күн мен
түн негізгі қаржылары. Ізгі амалдар сауда тауарлары. Жәннат тапқан
пайдалары. Ал тозақ зарарлары».
Ақыретке толық иман келтірген мұсылман, амал дәптерін
жақсылықтармен, ізгі амалдармен толтыру үшін өмірінің әрбір сәтін
жемісті өткізуге күш салуы тиіс. Әрі әрқашан салих амал істеуге
құлшынуы қажет. Қолына түскен түрлі жақсылық жасау мүмкіндігінХақ
Тағаланың игілігі деп білуі керек. Бағзы адамдардың жақсылық жасауға
деген бейғамдығына алданып қалмай, кезіккен барша жақсылықты
жүзеге асыруға тырысуы қажет.
Нәпсі қалауының тұтқынына айналған әрбір жан, күллі дүниенің
өзінде болуын тілейді. Осылайша Аллаһтың уәде еткен нығметтерінен
мақрұм қалады. Хақ Тағала құлдарына мынадай ескерту жасайды:
«Жоқ! Сендер
(бес күндік)
дүниені жақсы көресіңдер. Ақыретті
болса тәрк етесіңдер»
(Қиямет сүресі, 20-21 аяттар)
.