¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
196
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
келген біреу мені үйіне алып кетіп, тамақтандырар деген үмітпен біле
тұра бір аятты сұрап, оқып беруін өтінетін едім.
Пақырларға ең қайырымдыЖағфар ибн Әбу Талиб еді. Ол бізді алып
кетіп, үйінде не болса соны бізге тарту ететұғын. Тіпті көбінесе бізге
ішіндегі майы таусылған қарынды беретін. Қарынды жарып жіберіп,
ішінде қалған майды жейтінбіз»
(Бұхари, Асхабун-наби 10)
.
***
Әбу Мұса әл-Ашғари (р.а.) ажалы жақындағанда ұлдарын шақырып
алып насихат айтты. «Нан берген кісіні естеріңе түсіріп жүріңдер», - деп
мына уақиғаны баян етті:
«Бір монастырьға барып, елден оңашаланып барша ғұмырын
құлшылықпен өткізген бір кісі өмір сүрді. Жетпіс жыл бойы халықтан
жырақ болған әлгі кісі бір күні жолға шықты. Жолда шайтан оған әйел
болып көрініп оны алдап соқты. Кісі онымен бірге жеті күн болды.
Кейін шайтан оған ақиқатты көрсетті. Кісі өзінің істеген ісіне қатты
өкінді. Тәуба етіп, қаңғып кетті. Әрбір жасаған қадамында намаз оқып,
сәжде етіп Аллаһтан кешірім сұрады. Кеш батқанда, бір үйге келіп
паналады. Ол үйде он екі пақыр кісі өмір сүретін. Амалдың жоқтығынан
олармен бірге түнеді.
Сол аймақта тұратын бір монах күніге кешке бұл пақырларға бірнеше
нан беріп жіберетін. Әдеттегідей кешке қызметші келіп нан таратты.
Пақырлардың біреуі шығар деп әлгі тәуба еткен кісіге де нан ұзатты. (Он
екі кісіге шақтап әкелген нан болғандықтан, бір кісіге жетпей қалды).
Нан жетпей қалған пақыр: «Саған не болған? Неге нанымды бермейсің?»
- деп сұрады. Қызметші: «Саған нан бермеді деп ойлап тұрсың ба? Барып
сол жердегілерден сұра. Біреуге екі нан берген шығармын», - деді. Барып
сол жерде отырғандардан сұрады.
Үйдегілер: «Жоқ. Ешқайсымыз екі нан алған жоқпыз», - деді.
Қызметші: «Мен сенің наныңды алып қойды деймісің. Уаллаһи, бүгін
саған берер наным жоқ деп», - әлгі пақырмен іліністі.
Дәл сол сәтте тәубе еткен кісі қолындағы нанын, пақырға берді.
Таң рауандап атқанда тәубе еткен кісі өлі күйде табылды. Тәубешілдің
жетпіс жыл бойы жасаған құлшылығы мен жеті күндік күнәсі өлшенді.
Жеті күндік күнә ауыр тартты. Кейін таразыға бір нан түсті. Бұл жолы
нан ауыр тартты. Тәубешілдің өмірінің соңғы сәттерінде берген наны
оны құтқарып қалды».
Әбу Мұса (р.а.) әңгімесін былай деп тәмамдады: «Ұлдарым! Нан
берген кісіні естеріңе түсіріп, ғибрат алыңдар»
(Әбу Нұғайым, Хиля I, 263)
.
Аллаһтың разылығы кейде өте қарапайым болып көрінген істе болуы