(
259
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
мұсылман баласы Аллаһтың, мұсылмандардың ыстық ықыласына
бөленеді. Екі жаһанның құрметіне қол жеткізіп, бақыт теңізінде жүзеді.
Ал нәпсісінің дегеніне көніп, әділеттіліктен тайған жан еш нәрсеге
қол жеткізбейді. Алдамшы, өтпелі кейбір пайдаға кенелгенімен, соңында
орасан зор зиянға ұшырап, бармақ тістейді.
2. Кешірімшілдік, айыптыжасыру
Адамдардыңқателерінкешіружәнекемшіліктерінжасыруеңмаңызды
ахлақи көркем сипаттардың бірі. Хақ Тағаланың жақсы көретін бұл
көркем ерекшелік иман мен ахлақтың кемелдігіне ишарат етеді. Аллаһ
Тағаланың көркем есімдерінің бірі де оның кешірімшілдігін білдіретін
« »
«әл-ғафу» (кешірімшіл) есімі болып табылады. Құран Кәрімде
былай делінген:
«
(Ей, расулім!)
Кешірім жолын ұстан. Жақсылықты
әмір ет. Надандардан аулақ бол!»
(Ағраф сүресі, 199-аят)
.
Кешірімшілдік Аллаһты сүйіп оның көркем мінезінен үлгі алу оған
ұқсаудың нәтижесі. Өйткені жаратушылық көзімен жаратылысқа көз
салу кешірімшілдіктің негізін қаламақ.
Кешірімшілдік – жазалауға күші жете тұрып кінәліні кеше білу.
Бұл тұрғыдан алып қарасақ қақиқи ерекшелік нәпсінің дегеніне
көнбей кешірімшілдік жолын таңдай білу. Аллаһ Тағала құлдарының
кешірімшіл болуын қалайды. Кешірімшілікті сүйген құлдарынан ғибрат
алуға лайықты құлдар екенін білдіреді. Өйткені олар шынымен-ақ
ауыр істі атқарғандар. Нәпсілерін жеңіп кешірімшілдік және айып-
ты жасырушылық сипаттарына қол жеткізген жан. Аллаһ Тағала бы-
лай дейді:
«Кімде-кім сабырлық танытып, кешірімшіл болса дау жоқ
істердің ең маңыздысы осы»
(Шура сүресі, 43-аят)
.
«Олар
(тақуа жандар)
кеңшілікте де, таршылықта да Аллаһ жолын-
да мал сарп қылғандар. Сондай-ақ олар ашуларын жеңушілер. Адам-
дарды кешірушілер. Аллаһ та жақсылық жасаушыларды сүйеді»
(Әли
Имран сүресі, 134-аят)
. Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Құл өзгелердің қателіктерін
кешіре берген сайын Аллаһ Тағала да оның абыройын арттырады»
, - деген
(Муслим, Бирр 69; Тирмизи, Бирр 82)
. Жеке басына жасалған қателіктерді көре
тұра үндемеу және кеше білу, әуелде бір әлсіздік болып көрінуі әбден
мүмкін. Ақиқатында ерекше қасиет ұлықтық сол. Хазірет Мәулана
кешірімшіліктің хикметін былай деп түсіндіреді: «Алланың мейірімдігі
әрдайым ашуынан үстем болмақ. Мұны біліп қой! Сондықтан әрбір
пайғамбар өзіне қарсы шыққан дұшпанын жеңіп келген. Олай болса
басқа келген пәледен құтылудың жолы қайғыру немесе зұлымдық жа-
сау емес. Оған қолданар шара кешіру, кеше білу және жақсылық жасау.