Previous Page  264 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 264 / 462 Next Page
Page Background

(

264

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

етпейінше орындарынан тапжылмасын», - деді. Сол жерде тұрған бір

сахабаға түйелердің біріне арпа, басқасына құрма жүктеуін әмір етті.

Кейін сахабаларына: «Аллаһтың берекетімен тараңдар», - деді

(Әбу Дәуіт,

Әдеп І/4775; Нәсәи, Қасама 24; ибн Мәжә, Либас 1)

.

Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) туыстас көкесінің ұлы Әбу Суфян ибн Харис

Пайғамбарлық келмей тұрып, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жақсы досы

еді. Пайғамбарлық келгеннен кейін азулы дұшпанға айналып, оған қарсы

әжуа өлеңдер жаза бастады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) шайыры Хассан

ибн Сәбит (р.а.) бұл әжуа өлеңдерге жауап қайыратын. Кейінрек Әбу

Суфян жасаған ісіне қатты өкінді. Мәдинаға қарай жол тартты. Жолда

Меккені бағындыруға келе жатқан Аллаһтың Елшісіне (с.а.у.) кезікті.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Әбу Суфянның жүзіне назар салмады. Әбу Су-

фян қатты толқыды. Хазірет Әлидің (р.а.) үйреткен:

«Уаллаһи, шынын-

да Аллаһ сені бізге үстем қылды. Ақиқатында біз қателік жасадық»

(Юсуф сүресі, 91-аят)

деген аятымен кешірім сұрады. Мейірімділік пен

рақымдылықтың телегей теңізі Пайғамбарымыз (с.а.у.): «(Жасаған ескі

қателіктерің үшін)

бүгін сендерге сөгіс, айып тағу жоқ. Аллаһ сендерді

кешіреді. Ол мейірімділердің ең мейірімдісі»

(Юсуф сүресі, 92-аят)

деген

аятты оқып оны және өзгелердің ескі қателіктерін кешірді. Әбу Суфян

мұсылманболғаннанкейінұялғаннанбасынкөтеріпПайғамбарымыздың

(с.а.у.) бетіне қарай алмайтын

(Уақиди ІІ, 810-811; ибн Һишам ІV, 20-24; ибн Абдил-

Бир ІV, 1674)

.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Меккені бағындырғаннан кейін Қағбаның

маңына жиналған халыққа: «Ей, Құрайыш халқы! Дәл қазір мен сендерге

не жасайды деп ойлайсыңдар?» - деп сауал қойды. Құрайыш халқы: «Біз

сенің жақсылық жасауыңа үміттеніп, «игілік жасайсың» деп айтамыз.

Сенжақсылықпенигілікті сүйетін бауырымызсың!Игілікпенжақсылық

жасаған бауырымыздың ұлығысың», - деп жауап берді. Пайғамбарымыз

(с.а.у.): «Мен де Хазірет Юсуфтың бауырларына айтқаны секілді

«

(Жасаған ескі қателіктерің үшін)

бүгін сендерге сөгіс, айып тағу жоқ.

Аллаһ сендерді кешіреді. Ол мейірімділердің ең мейірімдісі»

(Юсуф

сүресі, 92-аят)

деймін. Кете беріңдер, сендер азатсыңдар», - деді.

Басқа бір сөзінде: «Бүгін мейірімділік күні. Бүгін Аллаһтың

құрайыштықтарды Ислам арқылы күшейтіп үстем еткен күні», -

деді. Мұның нәтижесінде Меккені бағындырудан алдын көптеген

мұсылмандардың дүние-мүлкіне қол сұғып тіпті жанын қиғандар да бар

еді. Солардың өзі тура жолға түсті.

АллаһТағалаҚұрайышмүшриктерінПайғамбарыныңқолына түсіріп,

оған мойын идірсе де Аллаһтың Елшісі (с.а.у.) оларды кешіріп азат етті.

Сондықтан Мекке тұрғындарына «Тулақа» яғни азат етілгендер деген ат