Previous Page  265 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 265 / 462 Next Page
Page Background

(

265

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

берілді.

142

Хаббар ибн Әсуад ислам дұшпандарының ең азулыларының бірі еді.

Түйе үстінде Мәдинаға хижрет етіп бара жатқан Пайғамбарымыздың

(с.а.у.) сүйікті қызы Зейнепті (р.а.) найзасымен түйреп жерге түсірді.

Хазірет Зейнеп жүкті болғандықтан баласы түсіп қалды және ауыр

жарақат алды. Бұл жарақат кейінірек өліміне себепші болды. Хаббар

бұл секілді талай қылмыстарды жасады. Мекке бағындырылғаннан

кейін қашып қолға түспей кетті. Аллаһтың Елшісі (с.а.у.) Мәдинада са-

хабаларымен отырған шағында мәжіліске кіріп мұсылман болғандығын

білдірді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оны да кешірді. Сахабаларына оны

сөгуді тіпті ауыспалы мағынада айып тағуларына тыйым салды

(Уақиди

ІІ, 857-858)

.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) көпшіліктің ішіндегі кінәлі жанды білсе

де ренжітпейін деген оймен оны белгісіз халге келтіретін, әрі сол

кемшіліктен барша көпшілікті сақтандыратын. Кейде алдында тұрған

жанның қателігін оның бойына жараспайтындығын айту мақсатында:

«Маған не болған? Сендерді осылайша көріп тұрмын»

143

, - деп жаңылыс

көруді өзіне тағатын.

Сонымен қатар Пайғамбарымызға (с.а.у.) жағымсыз сөз жеткенде:

«Пәленше неге бұлай деген?» - деп айтатын еді.

***

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Бір күні Аллаһ Елшісі (с.а.у.) мінберге шығып, жуан дауыспен бы-

лай деп жар салды.

«Уа, тілімен мұсылман болып, жүрегіне иман орын теппеген-

дер! (Мұнафықтар) Мұсылмандарға жапа шектірмеңдер! Оларды

айыптамаңдар! Кемшіліктерін іздемеңдер! Өйткені кімде-кім мұсылман

бауырының кемшілігін іздесе, Аллаһ та оның кемшілігін іздейді. Ал Аллаһ

Тағала кімде-кімнің кемшілігін іздесе, оны үйінің ішінде болса да абыройын

төгеді»

.

Ибн Омар қағбаға қарап: «Қадірің мен құрметің нендей ұлы! Алайда

мүминнің Аллаһ құзырындағы құрметі сенен де ұлы», - деді

(Тирмизи, Бирр

85/2032)

.

***

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді:

«Қандай да бір күң зина жасап, әрі зина жасағандығы дәлелденсе,

142. Ибн Хишам ІV, 835; ибн Сағд ІІ, 142-143.

143. Бұхари, Манақиб 25; Муслим, Салат 119.