Previous Page  268 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 268 / 462 Next Page
Page Background

(

268

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

етпеңдер! Аллаһ

(барша нәрсені)

көруші, естуші»

(Бақара сүресі, 224-аят)

.

Бұл аяттар Аллаһ Тағаланың құлдарына деген мейірімділігін

көрсететін бұлтартпас айғақ. Сондай-ақ игі жанның мәртебесін өсіретін

тұсты да меңзейді.

Аталмыш аяттар түскеннен кейін Әбубәкір (р.а.): «Әрине! Мен

Аллаһтың мені кешіруін қалаймын!» - дейді. Артынша іле-шала антының

каффаратын өтеп, бұрыннан жасап келе жатқан игілігін ары қарай

жалғастырады

(Бұхари, Мағази 34; Мүслим, Тәубе 56; Табари, Тәпсір ІІ, 546)

.

Адалдықтың заңғар биігі Айша анамызға (р.а.) жала жапқандардың

етегінде кеткен жандардың бірі Хассан ибн Сәбит (р.а.) болатын. Алайда

қадірлі анамыз (р.а.) оныАллаһ Елшісіне деген махаббаты үшін кешіреді.

Жиені Ұруа ибн Зұбайыр былай деп әңгімелейді:

«Нағашы әкпем Айшаның (р.а.) жанында Хассанға ашуланып, тіл

тигізе бастадым.

Айша (р.а.) мені тоқтатып: «Оны сөкпе! Өйткені ол, жазған

өлеңдерімен Аллаһ Елшісін (с.а.у.) (қызғыштай) қорғайтын», - деді

(Бұхари, Әдеп 91)

.

Яғни Аллаһ Елшісіне деген махаббаты, Айша анамызға жала

жапқандығын ұмыттырып жібереді.

Нендей ұлы махаббат! Нендей орасан кешірімшілдік қасиет!

***

Ұхуд соғысында мүшріктер жеңілуге шақ қалған тұста, күтпеген жер-

ден Ібіліс: «Уа, Аллаһтың құлдары! Арттараңа қараңдар!» - деп баж ете

қалады.

Айқайды естіген алдыңғы қатардағылар кері қайтып, арт жақта

келе жатқандармен шайқасқа түседі. Дәл сол сәтте Хұзайфа (р.а.)

мұсылмандардың жаңылысып, әкесіне қарай атой салып жатқандығын

көріп: «Уа, Аллаһтың құлдары! Әкем! Әкем!» - деп айқайға басады. Алай-

да мұсылмандар қым-қуыт шайқастың ішінде оның дауысын естімейді.

Әкесін өлтіріп тынады.

Мұны көрген Хұзайфа (р.а.) бар болғаны: «Аллаһ сендерді кешірсін!»

- деумен шектеледі.

Хазірет Ұруа (р.а.) былай деп жеткізеді:

«Уаллаһи! Хұзайфаны осы ұлылығы, кешірімшілдігі өмірінің соңына

дейін жалғасты. Ол мұсылман әкесін шәһит еткен мұсылмандарға арнап

дұға жасайтын. Истиғфар ететін»

(Бұхари, Манақибул-ансар 22)

.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) әкесінің құнын алып бергенде, Хұзайфа (р.а.)

ол қаражаттың барлығын кедей мұсылмандарға садақа ретінде таратып