(
260
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Садақалар бәледен қорғайды»
,
140
- деген пайғамбардың сөзі сені оят-
сын. Ендеше ауру мен бәлеге қолданар шараны жақсылап ұғын».
ИсмайылХаккыБурсауибылайдейді.«ҰстазымАтпазариОсманмыр-
за былай дейтін: «Кісінің Хақ Тағаламен жасаған мәмілесінде ұстанатын
ең дұрыс жол: тәслимат (толықтай мойын ұсыну) және разылық. Ал
халықпен жасаған мәмілесінде болса ұстанар жолы кешірімшілдік пен
жомарттық
(Бурсауи І, 283, Бақара сүресінің тәпсірінде)
.
Сонымен қатар ашу үстінде кешіре білу бар. Ол одан артық қасиет.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:
«Күшті дегенің күресте қарсыласын
жыққан емес, нағыз күшті ашуланғанында ашуын жеңе білген жан»
(Бұхари, Әдеп 76; Муслим, Бирр 107, 108)
.
«Шамасы жете тұрып ашуын жеңе білген кісіні Аллаһ Тағлала
қиямет күнінде баршаның алдында шақырып хор қыздарының арасынан
таңдағанын алуға ерік береді»
(Әбу Дәуіт, Әдеп 3/4777; Тирмизи, Бирр 74, Қиямет
48; ибн Мәжә, Зүһд 18)
.
Аллаһтың Елшісі адамдармен жасаған мәмілесінде жеңілдікті артық
көріп, зорбалыққа, ашуға, қызбалыққа жол бермейтін.
Көп ұзатпай кешіру, күнәмен көпшілікті қарсы алдындағы адамның
халіне назар салып, өзіне тән әдіспен жоқ қылуы оның көркем
дағдыларының бірі еді.
Ол жеңіске жеткен жорықтарында тұтқындарды кешірген еді. Өзіне
қарсы шығып, сипаттауға тіл жетпейтін жамандық жасағандарға да
жақсы мәміле, мейірімділік, рақымдылық танытып ұлылықтың үлгісін
барша ғаламға көрсетті.
Қателік пен кемшілікті кешірумен қатар жамандыққа жақсылық жа-
сау және жамандығын көре тұрып оның түзеліп тура жолға түсуі үшін
дұға ету Аллаһ Елшісінің ерекше қасиеті еді.
Тайфта өзін таспен боратқандарды, Ұхудта тісін сындырып, жүзін
жаралағандарға қарғыс айтпай тура жолға түсулері үшін дұға етуі бұған
жеткілікті мысал бола алады. Әкелген дінінің құндылығын жоймау үшін
Меккедегі мүшриктердің Аллаһтың қаһарына ұшырап жоқ болуларына
жол бермей әрбірінің тура жолға түсуін тілеуі көптеген залымдардың
құтылуына септігін тигізген.
АллаһТағалаҚұранКәрімде былайдейді:
«Жақсылықпенжамандық
тең емес, жамандыққа ең көркем әдіспен кедергі бол
(жамандыққа
қарсы жақсылық қыл).
Сол уақытта сенімен екеуің араңда дұшпандық
болған біреу, өте жақын достай болып кетеді»
(Фуссилат сүресі, 34-аят)
.
140. Тирмизи, Зекет 28; Суюти, әл-Жамиғус-Сағир І, 108.