Previous Page  281 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 281 / 462 Next Page
Page Background

(

281

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Бұл дүниенің масқарасы, о дүниенің масқарасының жанында түк емес!»

(Ибн Әсир, әл-Камил II, 319)

.

Аллаһ Елшісінің бұл сөзі, көптеген адамдарға әсер етті. Бәз біреулер

өздерінің қателіктерін мойындап, кешірім сұрай бастады. Біраз уақыт

өткеннен кейін бір кісі орнынан тұрып: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Уаллаһи,

мен барып тұрған өтірікшімін! Әрі мұнафықпын! Мен істемеген

жамандық жоқ шығар», - деді.

Сол жерде отырған Хазірет Омар (р.а.): «Мына кісі, өзін-өзі масқара

етті-ау», - деді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) оған қарап: «Уа, Омар! Дүниенің масқарасы, о

дүниенің масқарасының жанында түк емес», - деді.

Артынша Аллаһ Елшісі (с.а.у.) әлгі кісіге арнап: «Уа, Аллаһым! Оған

туралық пен иман кемелдігін нәсіп ет! Жаман істерін жақсылыққа ай-

налдыр!» - деп дұға етті

(Табари, Тарих III, 190)

.

Содан соң Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді:

«Мен де қарапайым адаммын! Араларыңдағы бәз біреулердің менен

алар ақысы бар шығар. Кімде-кімнің дүние-мүлкінен байқамай бір нәрсе

алсам, міне дүние-мүлкім! Келіп алсын! Біліп қойыңдар! Ең жақсы

көретін кісім, алар ақысы болса менен келіп алған яки ақысын кешкен

кісі! Өйткені Раббыма көңілім жай тауып қауышқым келеді.

Ешбір жан: «Аллаһ Елшісінің кегінен немесе дұшпандық ойлауынан

қорқамын», - деп айта алмайды. Біліп қойыңдар! Кек яки дұшпандық

ойлау менің бойымда жоқ. Араларыңда тұрып осы сөздерді айтуды жөн

көріп тұрмын!

Бесін намазын оқып болғаннан кейінПайғамбарымыз (с.а.у.) мінберге

отырады. Алдын айтқан сөздерін қайта қайталайды. Сол сәтте бір кісі

орнынан тұрып: «Бір кісі сізден қарыз ақша сұраған болатын. Сол кезде

сіз маған, оған үш дирһам беруімді әмір еткен едіңіз», - дейді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Дұрыс айттың! Ей, Фадыл ибн Аббас!

Мынаған үш дирһам бер!» - дейді

(Ибн Сағд II, 255; Табари, Тарих III, 190)

.

Артынша Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай деп дұға етеді:

«Уа, Аллаһым! Мен де қарапайым адаммын. Мұсылмандардың

біріне ауыр сөз айтсам яки қамшымен ұрсам, сен оған оны сауапқа,

рақымдылыққа, күнәдан арылуына себепші ет!

(Ахмед III, 400)

.

«Уа, Аллаһым!Мен қандай да бірмүминге ауыр сөз айтсам, сол сөзімді

қиямет күні оны, саған жақындауға себепші ет!»

(Бұхари, Дағауат 34)

.

Иә, адамзаттың асылы Пайғамбарымыздың бұл әрекеті оның нендей