(
284
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ырлары оған келіп: «Мирасты арамызда бөліп бер», - деп ұсыныс жасай-
ды.
Абдулла: «Аллаһқа ант етейін! Төрт жыл бойы қажылық маусымын-
да: «Кімнің Зұбайырда қарызы бар болса, біз өтейік», - деп жар салдыр-
майынша, оның мирасын бөліп бермеймін», - дейді.
Осылайша ол төрт жыл бойы жар салдырады. Төрт жыл өткеннен
кейін мирасты балаларына бөліп береді
(Бұхари, Фардул-хумус 13)
.
Бұл риуаят, сахабалардың нендей игі жан болғандықтарын көрсетеді.
Зұбайыр (р.а.) күллі саналығұмырыбойынша көптегенигіліктержасады.
Қайтысболарданалдын, қарыздарынөтеуді тапсырып,мұқияттылықтың,
құл ақысын жемеудің үлгісін көрсетті. Ұлы Абдулла да қолынан келгенін
аянып қалмай, әкесінің қарызын өтеді. Басқа сахабалар да Абдулланың
жағдайына қарай жеңілдіктер жасауға күш салды. Міне сахабалар осын-
дай игі жандар болатын ағайын!
Бір әйел, саудагершілікпен айналысатын. Хазірет Имам Ағзамға сату
үшін жібектен тігілген киім әкелген еді. Имам Ағзам киімнің бағасын
сұрады.
Әйел: «Жүз дирһам», - деді.
Әбу Ханифа айтқан бағасына қарсы шығып: «Жоқ. Мұның бағасы
бұл бағадан артық», - деді.
Әйел аң-таң болды. Бағасының үстіне жүз дирһам қосты. Имам тағы
да қабыл етпеді. Әйел тағы да жүз дирһам қосты. Кейін тағы да жүз
дирһам қосты.
Имам Ағзам: «Жоқ. Мұның бағасы төрт жүз дирһамнан артық», -
деді.
Әйел одан сайын таңырқап: «Имам! Сіз менімен әзілдесіп тұрсыз
ба?» - деді сасқанынан.
Имам Ағзам әйелге киімнің ақиқи бағасын көрсетпекші болып, бұл
істің маманын шақыртты. Ол келіп, киімнің бағасын бес жүз дирһам деп
бағалады. Әбу Ханифа сол бағаға сатып алды.
156
Міне ислам дінінің сауда-саттықта құл ақысына деген мұқияттылығы
осындай. Демек ақы, құқыққа көңіл бөлмей: «Сатып алушыдан не алып
қалсамда пайда» деген оймен жасалған сауданың адам үшін тигізер
қандай пайдасы болатындығына көз жүгірту керек-ақ.
***
Имам Ағзам Әбу Ханифа нәпсісімен күрескен қаһармандардың бірі
156. Ибн Хажар Хайтами, Хайратул-Хисан 44; Мұхаммед Әбу Заһра, Әбу Ханифа ауд.
Осман Кескиоғлы, Коня 1973ж. 34-бет.