(
294
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Бір күні біз Аллаһ Елшісінің қасында отырғанымызда Сәлім
руының бір кісісі келіп: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Әке-шешем өлгеннен
кейін, оларға жасар жақсылығым бар ма?» - деп сұрады.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Иә, бар! Оларға дұға етесің! Истиғфар етесің!
Өсиеттерін орындайсың! Туыстарына қамқор боласың! Достарына сый-
құрмет көрсетесің», - деп жауап берді»
(Әбу Дәуіт, Әдеп 119-120/5142; ибн
Мәжә, Әдеп 2)
.
***
Әбу Һұрайра (р.а.) Зұлхұлайфада тұратын. Анасы бөлек үйде,
өзі бөлек үйде ғұмыр кешетін. Үйінен шығып, бір жаққа бет алғанда
анасының есігіне келіп:
– Уа, анашым! Саған Аллаһтың сәлемі, мейірімі және берекеті жау-
сын! - деп сәлемдесуші еді. Анасы да:
– Балам! Саған да Аллаһтың сәлемі, мейірімі және берекеті жаусын!
- деп үн қататын. Содан соң Әбу Һұрайра:
– Кішкене күнімде мені мейіріміңмен өсіргенің секілді, Аллаһ та
саған мейірімділік көрсетсін! - дейтін. Анасы да:
– Маған жасым ұлғайған шақта, игілік жасағаның тәрізді, Аллаһ та
саған мейірімділік танытсын! Істеген игілігіңнің сыйын берсін! Сенен
разы болсын! - деп жауап беретін.
Әбу Һұрайра (р.а.) үйіне қайтқанда да сол әрекетін қайта қайталаушы
еді
(Бұхари, әл-Әдәбул-муфрад №12, 14)
.
***
Абдулла инб Динар былай деп әңгімелейді:
«Бір күні ибн Омар (р.а.) Меккеге сапар шекті. Түйеге мінуден
жалыққанда, мінетін есегі бар болатын. Басында сәлдесі бар еді. Жолда
есегімен келе жатып бір бәдәуиге жолықты. Оған қарап:
– Сен пәленшенің ұлы, түгенше емессің бе? - деп сұрады. Ол:
– Иә, солмын! - деп жауап берді.
Ибн Омар астындағы есегін оған беріп:
– Мынаған мініп ал, - деді. Артынша басындағы сәлдесін беріп: «Мы-
наны басыңа орап ал!»,-деді.
Жанындағы жолдастарының бірі ибн Омарға (р.а.) қарап:
– Аллаһ сені кешірсін! Есегіңді және сәлдеңді мына бәдәуиге босқа
бердің, - деді. Ибн Омар (р.а.):
– Мен Аллаһ Елшісінің:
«Игіліктің ең жақсысы, кісінің әкесі өлген