(
301
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Яғни, өзінің жер телімдерінің бір бөлігінен әйелдерінің жылдық
нәпақасын айырып, өзге түсімді мемлекеттің және халықтың
мұқтаждықтарына арнаған.
170
***
Он сегіз мың ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.)
жанұясына қажетті мағлұматтарды үйретуге көңіл бөлген. Шифа бинти
Абдулла былай деп әңгімелейді:
«Мен Хафсаның жанында отырғанымда, Аллаһ Елшісі (с.а.у.)
жанымызға келді. Маған қарап:
«Мынаған жазуды үйреткенің секілді
«нәміле» шипасын
171
үйретпейсің бе?»
- деді
(Әбу Дәуіт, Тыб 18/3887)
.
***
Осман ибнМазғұнның (р.а.) әйелі Хаула бинтиХакимжақсыкиінетін
әйел болатын. Бір күні ескі тозығы жеткен киім киіп Хазреті Айшаға
(р.а.) келді. Қадірлі анамыз: «Бұл халің не?» - деп сұрады. «Күйеуім
түнімен намаз оқиды. Күндіз ораза ұстайды» - деп жауап берді. Дәл сол
сәтте Аллаһ Елшісі (с.а.у.) кіріп келді. Хазірет Айша (р.а.) болған жайды
айтып берді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) жанұясының жауапкершілігін ескер-
ту ниетінде Осман инб Мазғұниға былай деді. «Осман! Бізге монахтар
сияқты өмір сүру әмір етілмеді. Менің бойымда сен үшін алар үлгі жоқ
па? Уаллаһи, сендердің іштеріңде Аллаһтан ең қатты қорқатыны және
Оның қойған шектеріне ең үлкен құрмет көрсететіні менмін
(Ахмет ҮІ, 226;
ибн Хажар, Әл-Исаба ІҮ, 291)
.
***
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бір хадис-шәріпінде бізге былай деп ескертеді:
«Кісінің күн көрісін қамтамасыз етуі міндетті болған жандарға
бейғамдық танытуы оған күнә болуға жетіп артылады»
(Мүслим, Зекет 40;
Әбу Дәуіт, Зекет 45)
.
Сахабалар кейде рухани тұрғыдан қатты толқып дүние мүліктерін
түгелдей инфақ (сарп) етуге ұмтылатын. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) олардың
ішінен тек Хазірет Әбубәкірдің ғана инфағын (сарп еткендігін) түгелдей
қабыл еткен. Өзгелерінен болса, бірінен малының жартысын, енді
бірінің дүниесінің үштен бірін инфақ етуіне рұқсат беретін. Үмбетіне
жанұяларын мұқтаж жағдайға душар қылмауларын өсиет еткен.
***
Хузайфа (р.а.) былай дейді: «Менің тілімде, жанұя мүшелеріме
(с.а.у.) құрма бақтарына қараған бір кісі жайында айтылады (Мүслим, Мусақат 99-
100).
170. Науауи, Шарху-Сахихи-Мүслим, Мысыр 1981, 12, 82.
171. Хадисте айтылған нәміле яғни, құмырсқа сөзі адамның екі жанымен денесінің басқа
тұстарына шығатын жара атауы.