(
305
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
туыстарымен кездесуді үзбеудің сауабы мол амалдардың бірі екендігін
айтқан болатын
(Ахмед IV, 148, 158)
.
Сонымен қатар туыстық қатынасты үзбеу, тікелей иманға да қатысы
бар. Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Аллаһқа және ақыретке иман келтірген
жан, туысына игілік жасасын»
, - дейді
(Бұхари, Әдеп 85; Мүслим, Иман 74, 75)
.
Аллаһ Талаға өзінің ізгі құлдарын: «Олар, Аллаһтың үзбеуін әмір ет-
кен нәрсесін (туыстық қатынасты), үзбей жалғастырады. Әрі Раббыла-
рынан қорқады. Әрі (қияметте) есептерінің жаман болуынан қорқады»,
- деп сипаттайды.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) немере ағасы Хазірет Аббасты: «Бұл Аббас
ибнМутталиб! Құрайышруының еңжомарт кісісі әрі туыстық қатынасқа
үлкен мән беретін жан», - деп мақтайды
(Хаким III, 371)
.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) игілік жасауымыз керек болған жандарды былай
деп тізбектейді:
«Қаражатты әуелі өзіңе жұмса! Артылғанын бала-шағаңа жұмса.
Жанұяңнан бір нәрсе артылып жатса, оны туыстарыңа жұмса.
Туыстарыңнан артылып жатса, оң жағың мен сол жағыңдағы көршіңе
бер»
(Нәсай, Зекет 60, Буюғ 84; Мүслим, Зекет 41)
.
Туыстарға жұмсалған инфақ һәм садақа туысқа қарайласу болып та-
былады.
Туыстық қатынасты үзбеудің көптеген қиыншылықтары болуы
мүмкін. Бірақ сауабымол. Ғаламның мақтанышыПайғамбарымыз (с.а.у.)
туысқа қарайласудың жақсылығын:
«Кімде-кім рызығының молаю-
ын, өмірінің ұзақ болуын қаласа туысына қарайлассын»
, - деп жеткізеді
(Бұхари, Әдеп 12, Буюғ 13; Мүслим, Бирр 20, 21; Әбу Дәуіт, Зекет 45)
.
Оғанқоса,туыстыққатынастыүзбеуАллаһТағаланыңсүйіспеншілігіне
ілігудің бір жолы болып табылады. Құдси хадисте Аллаһ Тағала:
«Туыс-
тары және достарымен қатынасты үзбегендер, менің разылығым үшін
бір-бірін зиярат еткендер, менің сүйіспеншілігіме ілігеді»
, - дейді
(Ахмед
V, 229)
.
Ал керісінше туыстарымен туыстық қатынасты үзгендерге, оларға
қарайласпағандарға шариғатта көптеген ескертулер жасалған.
Құран Кәрімде бұл жайлы былай делінген:
«Аллаһқа берген серттерін бұзғандар, сондай-ақ Аллаһтың үзбеуді
әмір еткен нәрсесін
(туыстық қатынасты)
үзгендер, әрі жер жүзінде
бұзақылықпен айналысқандар Аллаһтың лағнетіне ұшырайды. Тозақ
та соларға арналған»
(Рағыд сүресі, 25-аят)
.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
«Аллаһ Тағала барша махлұқатты жара-