(
303
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Зейд ибн Әсләм былай дейді:
«Ей, иман келтіргендер! Өздеріңді
және жанұяларыңды отыны адамдар мен тастан болған тозақтан
қорғаңдар»
(Тахрим сүресі, 6-аят)
.
Аят түскен кезде сахабалар: «Ей, Аллаһтың Елшісі! Өзімізді қорғай
аламыз ғой. Жанұямызды қалай қорғай аламыз?» - деп сұрады. Аллаһ
Елшісі былай деп жауап берді: «Оларға Аллаһқа құл болуды, мойынсұну
мен құлшылықты әмір етесіңдер. Аллаһқа қарсы келуден және күнә
істеуден тыйасыңдар. Мінеки осылайша қорғау болмақ»
(Алуси ХХҮІІІ,
156)
.
***
Уаһб инб Абдулла (р.а.) былай дейді: «Аллаһ Елшісі Салман мен
Әбу-Дарданы бір-біріне бауыр қылды. Сондықтан Салман Әбу-Дарданы
зиярат етіп тұратын. Бір келгенінде оның әйелі Умму Дарда ескі тозығы
жеткен киімді киіп алыпты. Оған:
– Мынауың не? - деп сұрады. Әйел:
– Баурың Әбу-Дарда мүлікке және дүниенің ләззатына мән
бермейді, - деп жауап берді. Дәл сол кезде Әбу-Дарда үйге келді. Әйеліне
дайындатқан асты Салманға ұсынып:
– Отырыңыз, асыңызды ішіңіз.
– Мен оразамын, - деді.
–Салман сен жемесең мен де жемеймін, - деді. Әбу-Дарда дастарқанға
отырып ас жеді. Түн болған да Әбу-Дарда таһажжуд (түңгі намазы) на-
мазын оқуға дайындалды. Салман оған:
– Ұйықта! - деді. Әбу-Дарда ұйықтап қалды. Біраз уақыт өткеннен
кейін қайта тұруға әрекеттенді. Салман қайтадан:
– Ұйықта! - деп тұрғызбады. Түннің соңғы бөлігінде Салман оған:
– Ал, енді тұр! - деп оятып алды. Екеуі бірге намаз оқыды. Кейін Сал-
ман Әбу-Дардаға былай деді:
– Сенен Раббыңның алар ақысы бар, нәпсіңнің ақысы бар,
жанұяңның ақысы бар, әр ақының иесіне ақысын бер! Әбу-Дарда (р.а.)
Пайғамбарымызға барып болған оқиғаны айтты. Ғаламның мақтанышы
Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Салман тура айтқан екен», - деді
(Бұхари, Саум 51,
Әдеп 86)
.
***
Қысқасы, адам бәрінен бұрын жанұясына жауапты. Олардың өзіне
Аллаһ тарапынан берілген аманат екендігін білуі, ақыларын қолынан
келгенше өтеуі қажет. Өйткені бұл бағытта жасалған істер Раббымыз-
ды разы етеді. Әрі тыныш, рахат өмір сүруімізге себепші болады. Бұл