(
309
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
налып қайтып кетті. Оның артынан қарап тұрған Аллаһ Елшісі (с.а.у.)
маңайындағыларға қарап:
«Егер айтқандарымды мүлтіксіз орындаса,
міндетті түрде жәннатқа кіреді»
, - деді
(Бұхари, Әдеп 10; Мүслим, Иман 14;
Нәсай, Салат 10)
.
***
Бір күні Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сахабаларына қарап: «Сендер (ақша
бірлігі) ретінде «қират» қолданылатын Мысырды бағындыруға қол
жеткізесіңдер. Оның халқына жақсы мәміле жасаңдар. Бұл менің
өсиетім. Өсиетімді орындаңдар! Өйткені олармен «оларды өлтірмейміз»
деген келісім-шарт жасастық. Сонымен қатар бізбен олардың арасында
туыстық қатынасымыз бар», - деді.
Ғұламалардың дегеніне сүйенсек, хадисте айтылып өткен туыстық
қатынас, Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) атасы Хазірет Исмайылдың (а.с.) ана-
сы Ажардың мысырлық болуынан әрі Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ұлы
Ибраһимді дүниеге әкелген Мария (р.а.) анамыздың да Мысырдан
келгендігінен туындаған.
Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туыстарға деген
жылы қарым-қатынасы бізге яғни, Мұхаммед үмбеті үшін үлгі болуға
жеткілікті.
***
Ибн Аббас (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Бір күні Аллаһ Елшісі (с.а.у.) әкем Аббасқа қарап: «Көкешім!
Дүйсенбі күні ұлыңды ертіп үйіме кел. Сендерге дұға етейін. Хақ Тағала
сол дұғаның саясында саған және ұлыңа игіліктер нәсіп етсін», - деді.
Уәделескен күні әкеммен еріп Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) үйіне бардым.
Ол үстімізге бірнеше киім кигізіп: «Аллаһым! Аббастың және ұлының
барша күнәсін қамтитын кешіріміңмен кешірім жаса! Аллаһым! Оны
ұлының саясында барша жамандықтан сақта», - деп дұға етті»
(Тирмизи,
Мәнақиб 28/3762)
.
Осы дұғаның шарапаты тиіп, Хазірет Аббас және ұлы хадис, тәпсір
секілді ғылымдарда сөзі өтетін беделді тұлғаларға айналды. Әрі барша
мұсылман баласына тақуалықтарымен үлгі болды.
***
Сафия анамыз (р.а.) яһудилердің беделді кісілерінің бірі Хуайдың
қызы еді. Мұсылманшылықты өз дінінен артық көріп, адамзаттың асы-
лы Пайғамбарымыздың жұбайы болу мәртебесіне қол жеткізді. Бір күні
Сафия анамыздың күңі халифа Омарға (р.а.) келіп: «Уа, мүминдердің
әміршісі! Сафия сенбі күнін жақсы көреді. Әрі туыстарымен қарым-
қатынасын үзбеді», - деген шағым түсіреді. Мұны естіген Хазірет Омар