Previous Page  314 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 314 / 462 Next Page
Page Background

(

314

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

көршілерді бір-біріне мирасқор ететін шығар деп ойладым»

(Бұхари, Әдеп

28; Мүслим, Бирр 140)

.

«Көршіңе жақсылық жаса! Кәміл мүмин боласың!»

(Тирмизи, Зүһд 2/2305;

ибн Мәжә, Зүһд 24)

.

Әбу Зар (р.а.) былай дейді: «Досым Аллаһ Елшісі (с.а.у.) маған мына

нәрсені өсиет етті:

«Ас пісірсең, суын молдау ет! Кейін көршілеріңе назар

сал! Қажет деп тапқаныңа асыңнан құйып, беріп жібер!»

(Мүслим, Бирр

143)

.

Осындай сарынды хадис-шәріптерге көз жүгіртсек көршілік ақысын

өтеуге жоқшылық секілді нәрселер желеу бола алмайды. Мүмкіндігі аз

кісі де шамасы жеткенінше көршісіне қолдау көрсетіп отыруы қажет.

Өйткені бізге Пайғамбарымыздан мынадай ескерту хабары жеткен:

«Көршісі аш бола тұрып, тоқ жатқан жан (кәміл) мүмин емес»

(Хаким ІІ,

15; Хайсами VІІІ, 167)

.

Көршілердің мазасын алу, үлкен иман кемшілігі болып табылады.

Көршілер әуелі бір-бірінің жамандығынан аман болулары керек.

Әбу Һұрайра (р.а.) Аллаһ Елшісінің былай деп айтқанын нақыл етеді:

«Уаллаһи, иман келтірмеді. Уаллаһи, иман келтірмеді. Уаллаһи, иман

келтірмеді». Сахабалар: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Кім иман келтірмеді?»

- деп сұрады.

АллаһЕлшісі(с.а.у.):

«Көршісініңістейтінжамандығынансақтанбаған

жан»

, - деп жауап берді»

(Бұхари, Әдеп 29; Мүслим, Иман 73;Тирмизи, Қиямет 60)

.

Жамандығынан көршісі аман болмаған жанның жәннатқа

кірмейтіндігі де хадис-шәріпте айтылған.

179

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) көрші құқықтарын былай деп баян етеді:

«Бір

кісі жанұясына және мүлкіне келетін жамандықтан қорқып, көршісіне

есігін жабуға мәжбүр болса, ол көрші хақиқи мүмин емес. Сонымен

қатар жамандығымен қорқылған көрші де мүмин емес. Көрші ақысының

не екендігін білемісің? Сенен жәрдем сұрағанында жәрдем етуің, қарыз

сұрағанында қарыз беруің, мұқтаждыққа тап болғанында мұқтаждығын

өтеуің, сырқаттанып қалғанында көңілін сұрап шығуың, жақсылыққа

қауышқанында құттықтауың! Сондай-ақ қасіретке душар болғанында

көңіл айтуың, өлгенінде жаназасына қатысуың! Оның рұқсаты болмай-

ынша ғимаратты оның ғимаратынан биігірек салып, самал желіне кедергі

болмауың! Қазаныңның иісіне мазасы кетпеуі үшін, істеген асыңнан аз да

болса, оған тарту ет! Қандай да бір жеміс сатып алғаныңда оған да бер!

Егер оны істей алмасаң, жемісті көршіңнен жасырып әкел! Оны балаң

тысқа алып шығып, көрішіңнің баласын қызықтырмасын!»

(Бәйхақи, Шұғаб

VII, 83; Құртуби V, 120-123)

.

179. Мүслим, Иман 73.