(
320
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Сендерге кімнің жәннаттық екендігін айтайын ба? Олар һәм на-
шар һәм халық тарапынан нашар болып көрінгендіктен, ешбір жан мән
бермейтін, алайда «осылай болады» деп ант етсе, қалауын Аллаһ Тағала
іске асыратын жандар.
(Ал енді) сендерге кімнің тозақтық екендігін айтайын ба? Қатігез,
дөрекі, сараң және паңданып жүретін тәкаппар жандар (болып табыла-
ды)»
(Бұхари, Айман 9, Тәпсір 68/1, Әдеп 61; Мүслим, Жәннат 47)
.
Демек, мұсылманға жарасар қылық, әрқашан Аллаһтың құлдары
жайлы жақсы ой ойлау, оларға құрмет көрсету, жақсы мәміле жасау. Бұл
жайлы Аллаһ Тағаланың әмірі мынадай:
«Уа, иман келтіргендер! Бір қауым өзге қауымды тәлкек етпесін!
Бәлкім олар, өздерінен жақсы шығар.
(Сондай-ақ)
әйелдер, әйелдерді
келеке етпесін! Бәлки олар, өздерінен жақсы шығар. Бір-біріңе жаман
лақап тақпаңдар! Иман келтіргеннен кейін, пасықтық нендей жаман
есім! Кімде-кім
(осындай жаман әрекетінен тыйылып)
, тәубе етпесе,
міне солар залымдардың нақ өзі!»
(Хұжурат сүресі, 11-аят)
.
Аяттағы
«Өз-өздеріңді мінемеңдер!»
деген сөзден дін бауы-
рын айыптауға кіріскен мүминнің, негізінде өзін айыптайтындығын
аңғарамыз. Өйткені мүминдер бір-біріне бауыр болғандықтан, бір дене-
ге ұқсайды. Сол себепті кез келген мүминге қолымен яки тілімен зарар
тигізу, негізінде өзіне-өзі залал тигізумен бірдей.
Сонымен қатар аятта, кісінің абыройына нұқсан келтіретін ұнамсыз
лақап тағуға, кез келген жанды мазақтау, қор көруге тыйым салынған.
Демек, кісінің көңілін қалдыратын лақаптарды қолдану, мүминге
лайық қылық емес. Өйткені Аллаһ Тағала осы тәрізді жағымсыз
қылықтарды «иманнан кейінгі пасықтық» деп сипаттайды. Әрі Аллаһ
Тағала пасықтықтың мүминге жараспайтындығын, осындай жағымсыз
қылықтарды тәрк етіп тәубе етпегендердің сазайын беретіндігін тілге
тиек етеді.
Адамдарды қор көру тек сөзбен ғана емес, іс-әрекет және қас-көз
ишараты арқылы жүзеге асуы мүмкін. Аллаһ Тағала мұндай ұнамсыз
қылыққа тыйым салады:
«Бүкіл қорлаушы, өсекшіге нендей өкініш!»
(Һүмәзә сүресі, 1-аят)
.
Құран Кәрімге көз жүгіртсек бұл сипаттың кәпірлерге тән си-
пат екендігін аңғарамыз. Кез келген мүминнің бойында мұндай сипат
болмауға тиіс. Мүмин мүминнің бауыры. Оның ақысын жемейді. Төмен
санамайды
184
.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
«Аллаһ Тағала маған: «Бір-біріңе қарапайымдылық
184. Мүслим, Бирр 28-34.