Previous Page  319 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 319 / 462 Next Page
Page Background

(

319

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Қысқасы мұсылман баласы көршісіне жауапты. Сол себепті ең алды-

мен көршісінің тынышын алатын (мазасын кетіретін) барша әрекеттен

аулақ тұруы қажет. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Аллаһқа және

ақыретке иман келтірген жан көршісінің мазасын алмасын!»

- деген.

180

Сонымен қатар Аллаһқа және ақыретке иман келтірген жанның

көршісіне жақсылық жасауы әмір етілген.

181

Демек жақсы көрші бола білу Аллаһқа және ақыретке иман келтіруге

қатысы бар мәселе. Көршісіне нашар мәміле жасаған жанның иман

кемшілігі бар дегенге саяды. Кей кездері көрші жақын туыстан бұрын тез

жәрдемге келеді. Кісінің сүйініші яки күйінішін барша жұрттан бұрын

көршісі бөліседі. Бұған байланысты: «Көрші, көршінің күліне мұқтаж»

деген қанатты сөз бұл ақиқаттың үдесінен шығады.

Хазірет Әбубәкір (р.а.): «Көршіңмен жанжалдаспа! Қонақ кетіп

қалады. Ал көрші қалады», - деген өсиет айтқан.

Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) мүминдерге айтқан мына сөздеріне назар са-

лып, соған қарай амал етейік ағайын:

«Аллаһ Тағала қасында жолдастың қайырлысы, жолдасына пайдалы

болғандар. Әрі АллаһТағала қасында көршілердің қайырлысы, көршісіне

қамқор болғаны»!

(Тирмизи, Бирр 28/1944)

.

г) Аллаһтың құлдарын төмен санамау

Аллаһ Тағала адамға өз рухынан үрлеген,

182

яғни оған иләһи сыйға

қол жеткізуіне себепкер болатын қабілет берді. Оны

«ахсани тақуим»

(ең көркем пішінде) қадірлі етіп жаратты

183

. Аллаһ құлдарын сүйеді.

Құлдарының пейішке кіруін қалайды. Сол себепті Аллаһтың құлдарын

қор көру, төмен санау жаман қылық болып табылады.

Ақиқатына жүгінсек, Аллаһ құзырында кімнің қадірлі екендігі бізге

беймәлім. Хақ Тағала артықшылықты, қадір-қасиетті тақуалықпен

есептейді. Ал тақуалық жүректе болады. Жүректің құпия перделері тек

Аллаһқа аян. Адамның жүрегін ашып көру мүмкіндігі болмағандықтан,

Хақ Тағаланың құзырында кімнің қадірлі, кімнің қадірсіз екендігі ғайып

дүние.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бұл жайлы былай дейді:

«Шашы, сақалы ұйпа-

тұйпа, киімі ескі, ешбір кісі қадірлемейтін көптеген жандар, Аллаһқа ант

етсе, Аллаһ оның антын орындайды»

(Тирмизи, Мәнақиб 54/3854)

.

180. Бұхари, Неке 80, Әдеп 31, 85; Риқақ 23; Мүслим, Иман 74, 75.

181. Мүслим, Иман 77.

182. Хижр сүресі, 29-аят; Сад сүресі, 72.

183. Исра сүресі, 70-аят; Тин сүресі, 4-аят.