Previous Page  322 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 322 / 462 Next Page
Page Background

(

322

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

«

(Уа, қаумым!)

мен иман келтіргендерді қасымнан қумаймын!

(Өйткені)

олар, міндетті түрде Раббыларына қауышады. Бірақ мен

сендерді надан

(қауым)

деп ойлаймын! Уа, қаумым! Мен оларды

қасымнан қуып жіберсем, Аллаһтың құзырында маған кім жәрдем

етеді? Соны ойламайсыңдар ма?»

(Хұд сүресі, 29-30 аяттар)

.

Қысқасы, Нұх пайғамбардың (а.с.) қауымы және өзге қауымдар бұл

қылығынан бас тартпады. Осықылық олардың түбінежеткен себептердің

бірі болды. Бейшара немесе пақыр болып көрінген жан Аллаһ құзырында

бағалы болуы әбден мүмкін. Өйткені Аллаһ Тағала адамның дүние-

мүлкіне, түр-түсіне назар салмайды. Ол тек өз жолында жан-тәнімен

беріле еңбектенгендерді сүйеді.

Дерекке сүйенсек, бір күні Хазірет Мұса (а.с.): «Уа, Раббым! Сені қай

жерден іздейін?» - деп Аллаһ Тағалаға жалбарынады.

Аллаһ Тағала: «Мені, көңілі жабырқап жүргендердің қасынан ізде», -

деп уахи етеді

(Әбу Нұғайым, Хиля II, 364)

.

Сол себепті пайғамбарлар әрқашан мүминдерге құшақ жайған.

Қанатының астына алып, қарайласып отырған.

Әрі пайғамбарлар, даңдайсыған кәпірлерге «Көздеріңе қор болып

көрінген жандарға, Аллаһ ешқашан игілік жасамайды», - деп айта алмай-

мын», деуден танбаған.

Мекке мүшріктері Аллаһ Елшісінен (с.а.у.) маңайындағы пақыр

мұсылмандарды жанынан ұзақтатуын, ең болмаса олар келгенде мұны

істеуді талап еткен болатын. Аллаһ Тағала Пайғамбарымызға (с.а.у.) мы-

надай ескерту жасады:

«(Уа, Мұхаммед!) Күндіз-түні Раббыларына жалбарынып, оның

разылығын тілегендерді қасыңнан қума! Олардың есебінен, сен жауапқа

тартылмайсың! Әрі олар сенің есебіңнен жауапқа тартылмайды. Егер

оларды қасыңнан қусаң, залымдардың қатарына кіресің! Осылайша

біз олардың бәз біреулерін, өзге біреулермен: «Арамыздағы Аллаһтың

игілік танытқан кісілері, осылар ма?» - деп айтулары үшін емтихан еттік.

Аллаһ Тағала шүкіршілік еткендерді біледі емес пе?».

Мүшріктер қор көрген осы пақырлар, құлдар, түгі жоқ міскіндер,

уақыт өте келе ғаламға сөз айтар деңгейге жетті. Ислами ғылымдар са-

ласында сөзі өтерлік үлкен ғұламаларға айналды. Есімдері адамзат тари-

хында алтын әріптермен жазылды.

Ұлы Раббымыз, бейшара мұсылмандарды қор көрген кәпірлердің

ақыреттегі халін былай деп суреттейді:

«

(Олар)

: «Бізге не болды? Өздерін жамандардан санаған адам-

дарымызды көрмей тұрмыз ғой», - деседі. Оларды келеке етумен,