(
327
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
жақсылық, берекет бер! Оның өмірін мұңды етпе!» - деп дұға еткен еді»,
- дейді
(Ахмед I, 422, 425; Хайсами IX, 367-368)
.
***
Марур ибн Суайыд былай деп әңгімелейді:
«Мен бір күні Әбу Зармен (р.а.) кездестім. Үстіне аса бағалы киім
киіп алыпты. Жанындағы қызметшісінің де үстінде дәл сондай киім
бар еді. Мен таң қалып Әбу Зардан (р.а.) мұның себебін сұрадым. Әбу
Зар (р.а.) Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) көзі тірісінде бір кісіге жағымсыз
сөздер айтқандығын, оның шешесіне тіл тигізгендігін айтып берді.
Осы әрекетін естіген Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Сенің бойыңда әлі
«жәһилия» (қарабайыр қараңғы) дәуірдің қалдығы бар екен. Олар
сендердің қызметшілерің болғанымен, бір жағынан бауырларың болып
табылады. Аллаһ оларды сендердің қол астыларыңа аманат етіп берген.
Кімде-кімнің химаясында (қорғауында) бауыры болса, өз жегенінен оны
тамақтандырсын, өз кигенінен де оны киіндірсін. Оларға көтеруге шама-
сы жетпейтін жүкті артпаңдар. Ал егер артып жатсаңдар, онда өздерің де
қол ұшын беріңдер», - деп айтқандығын жеткізді
(Бұхари, Иман 22; Ғитқ 15;
Мүслим, Айман 40)
.
Қандай жоғары қызметтерде болмасын, мұсылмандар әрдайым бір-
біріне бауыр екендіктерін ұмытпаулары қажет. Сонымен қатар бір-бірін
қор көрмеуі керек!
***
Адамдар қор көріп, кісі санатына қоспаған жандардың бәз біреулері
Аллаһ құзырында ерекше мәртебеге ие болады. Бұлардың бірі Уайыс әл-
Қарани болып табылады. Оған қатысты дерек мынадай:
«Хазірет Омар (р.а.) Йеменнен қосымша әскерлер келіп жатқанда:
– Араларыңда Уайыс ибн Амр бар ма? - деп сұраушы еді. Кейінірек
Уайысты тауып алып:
– Сен Уайыс ибн Амрсың ба? - деп сауал қойды. Ол:
– Иә, менмін, - деп жауап берді. Артынша екеуінің арасында мынадай
әңгіме жүріп өтті.
– Мұрад руының, Қаран атасына жатасың ба?
– Иә.
– Сен алапес ауруына шалдықтың. Дертіңнен айықтың. Бірақ бір
дирһамның көлеміндей жер қалып кетті. Солай емес пе?
– Иә, солай.
– Анаң тірі ме?
– Иә.