Previous Page  330 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 330 / 462 Next Page
Page Background

(

330

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Хазірет Мұхиддин ибн Араби: «Осы сүйіспеншіліктің арқасында мен

қалай әрекет етсем де, ол міндетті түрде маған еліктейтін. Осылайша

қимас достар болып шықтық», - дейді.

Бұл уақиғадан мынадай ғибрат алуға болады:

«Адам жақсы көрген кісісіне еліктейді».

«Достық, жақсы көрген кісінің жақсы көрілген жанның бойынан өз

қасиеттерін көруден туады».

Өзіміздің бойымыздан табылып, мақтан тұтатын сипаттардан

артығы, ұлығы біз қор көріп, келек етіп жүрген кісілердің бойынан табы-

луы әбден мүмкін. Мұны жадымыздан шығармайық ағайын! Сондықтан

Аллаһтың құлдарын қор көру, ақиқатында өзіміздің мәртебемізді

кемітетін жағымсыз қасиет болып табылады.

***

Бір араб тілінің синтаксисін жетік білеттін ғалым теңіз жағалауында

тұрған қайыққа келіп отырады. Қайық жүзіп келе жатқанда біліміне

мастанған ғалым қайықшымен әңгімеге кіріседі. Қайықшыға алуан

түрлі сауал қояды. Бірақ әрбір қойған сауалына «білмеймін» деген жау-

апты естіген ғалым: «Нендей өкінішті! Сауатсыздығыңның арқасында

өміріңнің жартысын босқа өткізіпсің»,-деп қайықшыны келеке етеді.

Ішкі жан дүниесі таза қайықшы, өзін келеке еткен ғалымның бұл

әрекетінен қатты көңілі қалады. Бірақ тіс жарып ешнәрсе айтпайды. Дәл

сол сәтте теңіз тулап, қайық үлкен иірімге қарай бет алды. Қайықтағы

барша жан әбігерге түсіп, жанталасып жатқанда қайықшы әлгі синтак-

сис ғалымына қарап: «Ей, ұстаз! Жүзе аласың ба?» - деп сұрайды.

Ғалымның жүзі сарғайып, дірілдеген дауыспен: «Жоқ. Жүзе

алмаймын»,-деп жауап береді.

Қайықшы мұңды дауыспен: «Синтаксис ғылымын білмегендігім

үшін, жарты өмірім босқа өтіп еді. Ал қазір сенің барша ғұмырың босқа

өтеді. Өйткені қайық мына иірімнен құтыла алмайды. Ей, ғалым! Мына

дарияда синтаксистен гөрі жүзе білудің артық екендігін білмеуші ме

едің?» - дейді.

Кез келген адамзат баласы шектеулі білімімен алдында тұрған

кісінің халін, деңгейін біле бермейді. Сыртқы кейпіне қарап, қате үкім

шығарады. Сондықтан ешбір жанды қор көруге болмайды. Ішкі жан

дүниесінің есебін Аллаһ Тағала біледі.

***

Қысқасы, кез келген мұсылман баласы Аллаһ Тағаланың өзіне нәсіп

еткеннығметтерінемастанып, өзгежандықор көрмеуі қажет. Өйткені бұл