Previous Page  328 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 328 / 462 Next Page
Page Background

(

328

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

– Мен Аллаһ Елшісінің (с.а.у.): «Уайыс ибн Амр, сендерге Йемен-

нен келетін қосымша әскердің ішінде келеді. Ол Мұрад руының, Қаран

атасына жатады. Алапес ауруына шалдыққанымен, сауығып кеткен.

Тек бір дирхамдай жер қалып кеткен. Оның анасы бар. Ол анасына өте

жақсы қарайды. Ол (бір нәрсенің іске асуы үшін) дұға етсе, Аллаһ оның

дұғасын қабыл етеді. Сенің күнәларыңның кешірілуіне оның дұға етуіне

қолың жетсе, пайдаланып қал», - деп айтқанын естіген едім. Ал қазір

менің күнәларымның кешірілуі үшін дұға ет!

Уайыс Хазірет Омар (р.а.) үшін дұға етті. Хазірет Омар оған қарап:

– Қайда баруды қалайсың? - деп сұрады. Уайыс әл-Қарани:

– Куфаға, - деп жауап берді. Хазірет Омар (р.а.):

– Сен үшін Куфа әкіміне хат жазайын ба? - деп сұрап еді. Ол:

– Пақырлардың, қарапайым халықтың арасында болуды артық

көремін, - деп жауап берді

(Мүлім, Фадайлус-Сахаба 225; Ахмед I, 38; III, 180)

.

Басқа бір риуаятта Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Хазірет Уайыстың

«табиғиндердің ең қайырлысы» екендігін білдіреді.

185

Алайда бұл хадис-

шәріптерден хабары болмаған бағзыжандар оны қарапайым түйе бағушы

деп санайтын. Тіпті кейбіреулері оны қор көретін. Олар біраз уақыт

өткеннен кейін әлгі хадис-шәріптерді естігенде, пікірлері мүлдем басқа

бағытқа ауысты. Өзіне деген ықыластың артқандығын байқаған Уайыс

әл-Қарани, атақ, даңқ дертінен құтылу үшін Куфаны тәрк етті. Осыдан

кейін ғана, Куфа халқы оның қадірін түсінді. Бірақ қайтып оны таба ал-

мады

(Мүслим, Фадайлус-Сахаба 225; Ахмед I, 38; III, 180)

.

***

Амр ибн Шурахбил (р.а.) ешбір жанды қор көрмеу жайындағы

сезімталдығын былай деп тілге тиек етеді:

«Біреудің ешкі еміп жатқандығын көріп оған күлсем, оның ісін

істеуден немесе оның кейпіне түсуден қорқамын».

Ал Абдулла ибн Масғұд (р.а.): «Бәле ауыздан шыққан сөзге байла-

нысты болады. Бір итті келеке етсем, ит болудан қорқамын», - дейді

(Замахшари VI, 19, Хұжурат сүресі, 11-аяттың тәпсірі)

.

***

Риуаят етілген дерекке көз жүгіртсек, бір күні Иса (а.с.) яһудилердің

салих, ізгі кісі деп санайтын бір жанмен қала сыртына шыққан бола-

тын. Соңдарынан халық арасында пасықтығымен әйгілі болған, алай-

да қайғылы кейіпке түскен күнәһар бір кісі ерді. Иса (а.с.) қасындағы

кісімен дем алып тынығу үшін бір жерге келіп тоқтады. Артта келе

185. Мүслим, Бирр 224.