Previous Page  334 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 334 / 462 Next Page
Page Background

(

334

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Ақсақалды пір ұстаз да,

Өз ахуалынан бейхабар.

Қажылықтан бас тартсын,

Егер көңіл қалдырса.

Көңіл Аллаһ Тағаланың орны,

Аллаһ та оған назар салды.

Ал кімде-кім көңіл қалдырған болса,

Екі дүниеде масқара болды.

Ешбір жанды ренжітпеу қаншама қиын шаруа болсадағы, адамның

қолындағы дүние. Бірақ ешбір жаннан көңілі қалып, ренжімеу тіпті

қиын. Өйткені жүрек пен қалауға кедергі болу үлкен машақат. Сол

себепті ешбір жанды ренжітпеу жолдың басы, ал ешкімнен көңілі қалып

ренжімеу жолдың аяғы болып табылады. Екеуінің арасы жер мен көктей.

Осы қашықтықтан мүдірмей өту, таудай талап пен қажымас қайратты

қажет етеді.

Иә, бұл аралықты өтуге ниеттенген кісі күллі іс-әрекетіне дұрыс

бағыт-бағдар беруі тиіс. Нәпсісін жамандықтан арылтып, ішкі жан са-

райын пәктікке бөлеу басты ұстанымдарының біріне айналу керек. Міне

осындай сатылардан кейін ғана мұсылманХ қ Тағала ілтипатына ілігетін

деңгейге жетеді. Бұл деңгейде үш түрлі хал байқалады.

1. Ешкімді ренжітпеу. Бұл тақуа жандардың бойында болатын қасиет.

Міне осындай сындарлы сәтте жүрек нәпсінің жаманшылығынан

сақтанып, көркем ахлақтың негізін салады.

2. Ешбір жаннан (көңілі қалып) ренжімеу. Бұл бойында жаратылысқа

деген махаббаты мол кісілерде кездесетін қасиет. Олар адамдардың

мадағы мен сынына мән бермейді.

Шайыр бұл ақиқатты былай деп жеткізеді:

Ей, дүние сарайындағы ғашық!

Адам мен жынның мақсаты Хаққа ғашық болу.

Сен ешкімге ренжіме,

Саған да ешкім ренжімесін.

3. Бұл дүниелік пайда мен ақыреттік пайдаға тап болғанда, ақыреттік

пайданы таңдап, Аллаһтың разылығын көздеу.