(
317
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
– Біз де, қатарлас отырған көршілеріміз де бірдей мұқтажбыз! Ол
ақшаны арамызда теңдей етіп бөліп бер, - деді
(Ибн Жаузи, Сифатус-сафуа
ІІ, 206)
.
***
Бір күні ибн Омардың (р.а.) үйінде қошқар сойылады. Ибн Омар
жанұя мүшелеріне қарап: «Мынаның етінен яһуди көршімізге бердіңдер
ме?» - деп сұрайды. Ол жоқ деген жауапты естігенде: «Бұдан оған да
беріңдер! Өйткені мен, Аллаһ Елшісінің (с.а.у.): «Жебірейіл (а.с.) маған
көрші ақысы жайлы көп өсиет еткендігі соншалық, көршіні көршіге
мирасқор етеді деп ойладым», - деп айтқанын естіп едім», - деді
(Әбу Дәуіт,
Әдеп 122-123/5152; Тирмизи, Бирр 28/1943)
.
***
Бағзы біреулер Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) сахабаларының бірі Аб-
дулла ибн Амрды (р.а.) зиярат етуге барады. Хазірет Абдулланың
қызметшісі қой сойып жатады. Сойып біткеннен кейін Абдулла (р.а.)
оған маңайындағы яһуди көршілерінен бастап, етті таратуын бұйырады.
Қасында отырғандардың бірі шыдай алмай: «Аллаһ тілеуіңді берсін!
Яһуди дедің бе?» - деп сұрайды.
Ол: «Иә. Мен Аллаһ Елшісінен көршіге жақсы мәміле жасау жайлы
көп нәрсе естіген едім. Тіпті біз, оны көршіні көршіге мирасқор етеді-ау
деп ойлаушы едік», - деп жауап береді
(Бұхари, әл-Әдәбул-Мұфрад 58; Бәйхақи,
Шұғаб VII, 84-85)
.
***
Бір сахаба Аллаһ Елшісіне келіп, көршісінен шағымданады. Аллаһ
Елшісі (с.а.у.) оған сабырлық танытуын бұйырады. Әлгі кісі екі-үшмәрте
келіп, шағымын қайта-қайта айта береді.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Үйіңдегі мүлікті шығарып, жолдың үстіне үйіп
қой»,-дейді.
Ол, Аллаһ Елшісінің бұйрығын бұлжытпай орындайды. Жолдан
ары-бері өтіп жатқан жүргіншілер одан дүние-мүлкін неліктен жолға
үйіп қойғандығын сұрайды. Ол жағдайды түсіндіріп, Аллаһ Елшісінің
осылай өсиет еткендігін айтады. Мән-жайға қанық болған олар, жаман
көршіні лағнеттей бастайды. «Аллаһ оны өйтсін, бүйтсін», - деп қарғауға
басады.
Сонда жаман атанып отырған көрші жақсы көршісінің жанына
келіп: «Дүние-мүлкіңді ішке тасып ал! Бұдан былай менен жамандық
көрмейсің!» - деп өтінеді
(Әбу Дәуіт, Әдеп 122-123/5153; Бұхари, әл-Әдәбул-
Муфрад 57-бет; Хаким IV, 183; Хайсами VII, 170)
.
***