Previous Page  312 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 312 / 462 Next Page
Page Background

(

312

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Халифа Омар (р.а.) Мысыр және Ирак секілді мемлекеттер

бағындырылғанда ешбір жанның тұтқын яки құл ретінде қолданылуына

рұқсат етпеді. Ешбіржанныңнасихатына құлақ аспады.Мұсылманәскері

Мәдинаға әкелген Мысыр тұтқындарын, азат етіп, өз мемлекеттеріне

қайтарып жіберген болатын.

Хазірет Омар (р.а.) сырқаттанып қалған құлдардың көңілін сұрап

шықпаған қызметкерлерді жұмыстан шығарып жіберетін.

174

***

Ұзын сөздің қысқасы, кез келген жанның туыстарына қарайласуы,

қол ұшын беруі Хақ Тағала сүйетін іс. Әрі Аллаһ Елшісі (с.а.у.) аса үлкен

мән берген істердің бірі екендігі даусыз. Туыстарға жасалатын ең үлкен

игілік, олардың ішкі жан сарайларын рухани тұрғыдан жандандыру бо-

лып табылады. Мұнан кейін алуан түрлі мұқтаждықтарын өтеуге күш

салу қажет. Олардың қуанышына, қайғысына ортақ болу керек. Жиі-жиі

зиярат етіп, көңілдерін қалдырмауымыз ләзім.

Хақ Тағаланың туыстық қарым-қатынасты үзбеуді әмір етуінде

біздің санамыз жете бермейтін көптеген сыр бар. Біздің міндетіміз

Раббымыздың әмірін мүлтіксіз орындап, туыстық қарым-қатынасты

одан әрі күшейте түсу, мұның сыйын Жаратушы Жаппар иемізден

күтуден ғана тұрады.

в) Көрші ақысы

Құл ақысына кіретін тақырыптардың бірі көрші ақысы болып табы-

лады. Хақ Тағала көрші ақысына ерекше мұқияттылықты танытуымыз-

ды талап етеді. Өйткені кез келген кісі туысы емес, көбінесе көршісімен

жасар мәмілесі көп болады.

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде мүминдерге:

«Әке-шешеге, туысқа,

жетімдерге, пақырларға, жақын көршіге, алыс көршіге, жолдасыңа,

жолаушыға, қол астыңдағыларға жақсы мәміле жасаңдар!»

- деп әмір

етеді.

Аяттағы«жақынкөршіге»жақсымәмілежасау, үйі жақынорналасқан,

туыстығы бар, әрі көршілігі бар, әрі дін бауыр болып табылатын жанға

жақсы мәміле жасау керектігіне саяды.

Ал «ұзақ көршіге» жақсы мәміле жасау үйі ұзақтау орналасқан яки

туыстығы болмаған немесе мұсылман емес көршілерге жақсы мәміле

жасау қажеттілігін меңзейді.

174. Рамазаноғлу Махмұд Сами, Хазрети Өмерул-Фарук радиаллаһу анһу, Станбул, 158-

160.