(
311
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
- деді. Артынша төмендегі мына аятты оқыды:
«Демек, егер сендер іс
басына келетін болсаңдар, жер жүзінде бұзақылық жасап, туыстық
қатынасты үзесіңдер ғой! (Солай емес пе?)»
(Мұхаммед сүресі, 22-аят)
.
Кейін:
– Көздеріңнің алдында бір қыз баласының анасының сатылуы артық
туыстық қатынасты үзуге жеткілікті емес пе? Бұл қажеттілік қайдан
туды? Аллаһ Тағала сендерге мол игілік жасады емес пе?. Дүние-мүлік
берді ғой, - деді. Жиналған сахабалар:
– Олай болса, бұл мәселеге қатысты тоқетер пікіріңді айт, - десті.
Хазірет Омар (р.а.) хатшысына:
– Азат кісінің анасының сатылмайтындығын, (сатылса) туыстық
қатынасты үзуге жататындығын, ал туыстық қатынасты үзудің дінімізде
харам екендігін жаздырып, бұл бұйрықты шартарапқа жіберді
(Хаким II,
497/3708)
.
Құрметті оқырман! Мына нәрсеге де тоқталуды жөн көрдік:
Әлемде Ислам дінінің құлдық жүйені сақтап, ары қарай өмір сүруіне
септігін тигізеді деген көзқарас бар. Бұл өрескел қателік болып табыла-
ды. Ислам қайта оның сақталуына кері әсерін тигізіп, бірте-бірте мұндай
жүйенің жойылуына жол ашқан. Қызығарлығы сол ислам, құлдық
жүйені жоюды қоғамдық қайшылылықтарға жол бермей, адамдардың
шын пейілімен, өз еркімен іске асыруына көмегін тигізген. Өйткені
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) заманында құлдық жүйе, соғыс қағидасы
болатын. Және оны бірден жою, мүмкін емес еді. Алайда ислам дінінің
қағидалары жүзеге аса бастағанда, бір құлдың қожайыны болу кісіге
ауыртпалық туғызды. Осылайша ғасырлар бойы жалғасып келген үрдіс
ешқандай зорлық-зомбылықсыз, уақыт өте келе бірте-бірте тамыры
қурады.
Ислам діні жиырма үш жылдың ішінде, адамзат баласын таңғажайып
мәдениетке, өркениетке бастаған болатын. Мұсылманшылықта ең үлкен
азаттық, мұсылман баласының Раббысына құл бола білу. Ал ең төменгі
құлдықтың, құлдың құлға құл болуы екендігі хақ.
Әсіресе Хазірет Омардың (р.а.) құлдық жүйеге қарсы күресі, тілге
тиек етерліктей ғажап болып табылады. Ол құлдық жүйені жою үшін
қолынан келгенін аянып қалмады. Бірнеше шаралар қабылдады. Осы
еңбегінің арқасында құлдық жүйе Араб шығанағында толықтай жойыл-
ды.
Хазірет Омар (р.а.) халифа болып сайланған күні, соғыста қолға
түскен барша жанды азат етті. Ал бұрын бұл секілді тұтқындар құл, күң
ретінде қолданылатын.