(
342
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
сайманын қамтамасыз етсе, керекті мұқтаждықтарын өтесе жиһадқа
барып келгендей сауап алады.Жиһадқа кеткенжауынгердің артта қалған
жанұясына жақсы қарап, олардың мұқтаждығын өтеген кісі, жиһадқа
барып келгендей сауап алады»
(Бұхари, Жиһад 38; Мүслим, Имара 135-136)
.
Мүминдер бір-біріне жәрдем етуге аянбай кіріссе бір кірпіші өзге
кірпішті ұстап тұратын мықты ғимаратқа айналады. Бірі өзгесінің
кемшілігін толықтырып, жаңылысын түзейді.
190
Он сегіз мың ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мына
сөздері нендей ғажап:
«Мұсылман – мұсылманның бауыры. Ол оған зұлымдық жасамайды.
Одан жәрдемін үзбейді. Әрі оны қор көрмейді»
(Мүслим, Бирр 32)
.
«Мүмин – мүминнің бауыры. Ол оның күнкөрісіне жәрдем етеді. Әрі
оны жамандықтан қорғайды»
(Әбу Дәуіт, Әдеп 49/4918)
.
Әбу Һұрайра (р.а.) былай дейді:
«Мүмин, дін бауырының айнасы. Оның бойынан бір кемшілікті
байқаса оны түзетеді»
(Бұхари, Әдәбул-Муфрад 238)
.
Яғни, мүмин дін бауырының бойынан көрген барша кемшілікті
шын пейілімен түсіндіреді. Ал оның бойынан жақсы қылық байқаса,
қуанышын жеткізіп, оған бұл әрекеттен бас тартпауға үгіттейді.
Құдай бетін бізден аулақ етсін, бірақ керісінше барша істің берекеті
кетіп, мұсылмандар бір-біріне жәрдем етпесе бірліктің құты қашып,
күш-қуаттан айрылады. Өз аяғында тұра алмайтын мешеу халге жетеді.
Иә, мұсылман әлемі шынайы дін бауырмалдықты жүзеге асырса
материалдық һәм рухани тұрғыдан бағындырар биіктері мол болмақ.
Адамзат тарихында мұның көптеген мысалын байқауға болады.
ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР
Әбу Һұрайра (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Қиыншылыққа тап болған бір кісі Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) келіп,
(одан жәрдем сұрады). Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сахабаларына әлгі жанға
жәрдем етулерін әмір етті. Сахабалардың бірі: «Менде мұнша мүлік
бар», - деп оған әкеліп берді. Сол жерде отырған барша жан әлгі кісіге
азды-көпті жәрдем етті. (Мұны көрген) Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
«Кімде-
кім бір жақсылықты бастатып, өзгелері де оны жалғастырса, ол кісі
жасаған жақсылығының сауабын алады. Сонымен қатар ол жақсылықты
жалғастырғандардың сауабының мөлшеріндей оған сауап беріледі. Бірақ
190. Бұхари, Салат 88, Мәзалим 5; Мүслим, Бирр 65.