(
348
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
балалардың мұқтаждығын өтейтін қаражатым жоқ! - деп одан қаражат
сұрайды.
Әлгі кісі көп ойланбастан жүз динарды әмиянға салып, аузын
мөрлеп досына беріп жібереді. Әмиян қаражат сұраған кісінің қолына
тиеді. Көп уақыт өтпестен оған басқа досынан хат келеді. Хатта досы,
қиыншылықтарға душар болғандығын, сол себепті құрбан мерекесіне
керек қажеттіліктері үшін қаражат сұрайды. Кісі дереу әмиянды, сол
мөрленген қалпы досына беріп жібереді.
Әмиянды алғаш жіберген кісінің қолында да еш нәрсе қалмаған бо-
латын. Ол басқа досына, жағдайды түсіндіріп хат жазады. Ол, әмиян
қолына тиген соңғы кісі еді. Досы келген әмиянды, сол күйінде оған беріп
жібереді. Яғни, алғашқы иесіне беріп жібереді. Әмиян келіп жеткенде
кісі таң қалып, дереу досының үйіне барады. Оған қарап: «Маған беріп
жіберген әмиян саған қайдан келді?» - деп сұрайды. Ол, болған жайт-
ты толығымен досына баяндап шығады. Мұны естіген досы: «Қанекей,
әлгі досымыздың үйіне барайық», - деп, ортақ достарының үйіне барады.
Мән-жайға қаныққаннан соң әмиянды ашып, ішіндегіні бөлісіп алады.
***
Элия Кадоурияның кітабындағы Осман империясының қоғамы
жайлы төмендегі мына мәліметтер кез келген оқырманды елең еткізеді.
Қаламгердіңдегеніне сүйенсек, XIXғасырдың соңына қарайШығысАна-
долыда үлкен жұт болады. Ағылшындар, сол жердегі халық көтеріліске
шығатын шығар деп, мұны біліп келуге арнайы тыңшы жібереді.
Тыңшының әкелген хабары, ғибратқа толы болатын.
«Мына жерде жұт бар. Бірақ аштық байқалмайды. Барлығы бір-біріне
жәрдем беруде. Сол себепті жұт, аштыққа айналмай жатыр. Сөздің тоқ
етерін айтар болсам, ішінде мынадай берік қатынас орнаған қоғамда
көтерілістің лап етуі екіталай».
Де Ла Мортая естелігінде былай дейді:
«Осман империясында біреудің үйі дүние-мүлкімен бірге өртеніп
кетсе, тіпті қолында түгі қалмаса да бақырып жылаған бала, яки шашын
жұлған әйел көзге түспейді. Осылайша қолындағы барша нәрседен айы-
рылып қалған кісілердің бойынан Аллаһқа тағдырына көндігу, ерекше
тәуекелшілдік байқалады. Сол маңайда тұратын халық дереу оған үй
салып беріп, қажетті қаражат жинап береді. Тіпті кейде қажеттіліктен
артық көмек көрсетеді».
Ал енді, Корнелл Ле Браунның естеліктеріне назар салып көрейік:
«Түріктердіңжақсылықжасауға құштар екендіктерін, тіпті жақсылық
жасауды христиандардан артық жақсы көретіндігі ешкімге құпия емес.