Previous Page  343 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 343 / 462 Next Page
Page Background

(

343

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

олардың сауабынан еш нәрсе кемімейді. Ал кімде-кім бір жамандықты

бастап, өзге жандар да оны жалғастырса, әлгі кісіге жамандықтың

күнәсі толықтай беріледі. Оған қоса бастаған жамандығының соңынан

кеткендердің күнәсінің мөлшеріндей оған күнә жазылады. Бірақ олардың

күнәларынан еш нәрсе кемімейді»

, - деді» (Ибн Мәжә, Мұқаддима 14).

***

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деп баян етеді:

«Бір күні Аллаһ Елшісінің құзырында отырған едік. Дәл сол сәтте

қылыштарын асынған, бейшара кейіпке түскен Мұдар руының бір топ

кісісі кіріп келді. Олардың үстерінде жолбарыс тересіне ұқсайтын ала

сызықты қарапайым киіз киім бар екен. Киізді тесіп, бастарынан өткізіп

алыпты. Бірақ киіз олардың тәндерін әреңжауып тұр еді. Олардымұндай

бейшара күйде көрген Пайғамбарымыздың жүзінің реңі бұзылды. Дереу

үйіне қарай бет алды. Киініп шығып, Біләлға азан шақыруын бұйырды.

Ол азан шақырды. Кейін қамат түсірді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) өзі имам бо-

лып, намаз оқытты. Намаздан кейін мынадай хұтпа оқыды:

«Уа, адамдар! Сендерді бір кісіден

(Адам атадан)

жаратқан, әрі одан

оның жұбайы

(Хауа ананы)

жаратып, ол екеуінен көптеген еркек пен

әйел жаратқан Раббыларыңнан қорқыңдар! Еш күдіксіз Аллаһ Тағала

сендерді бақылап тұрушы!»

(Ниса сүресі, 1-аят)

.

«Уа, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар! Әрбір жан ертеңі

үшін не дайындағынына назар салсын!»

(Хашр сүресі, 18-аят)

.

Әрбір жан алтынынан, күмісінен, бір дорба болса да бидайынан,

құрмасынан садақа берсін! Тіпті жарты құрма болса да, садақа берсін!

Мұны естіген Ансардан бір кісі, ауырлығынан өзі көтере алмаған бір

дорба әкелді. Халық бірінен соң бірі ағылып, кезекке тұра бастады. Кейін

киім мен азықтың екі төбе болғанын байқадым. Көз тастап қарасам

Аллаһ Елшісінің жүзі жылып, алтын секілді жарқырап тұр еді»

(Мүслим,

Зекет 69)

.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) аталмыш аяттармен бай болсын, кедей бол-

сын барша адамзат баласының бір әке-шешеден туғандығын еске түсірді.

Артынша мүминдердің бір-біріне жәрдем етіп, ақыретке дайындық жа-

сау керектігіне тоқталған. Мұны естіген сахабалар шын пейілімен көмек

көрсетті.

***

Ислам бауырмалдығын «исар» сезімімен атқарудың көркем

мысалдарының бірі мынадай. Жәбир (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) қандай да бір жорыққа аттанардан алдын: «Уа,

Мұһажирлер мен Ансарлар! Малы мен туысы жоқ бауырларың бар! (Со-