Previous Page  24 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 24 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

24

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Орнынан тұрғанда ұлы Имран қатты қуанып әкесінің басын, қолын,

аяғын сүйді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бұл жайтты көріп, толқыды. Көзіне жас алып:

«Имранның істегеніне жылап тұрмын. Әкесі Хұсайын кәпір болып

есіктен кіргенінде, орнынан тұрмады. Тіпті жүзіне назар салмады. Ал

мұсылмандықты қабыл еткенде ақысын өтеді. Бұл әрекет мені қатты

толқытты», - деді.

Хұсайын кетуге ыңғайланғанда Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сахабаларына

қарап: «Тұрыңдар! Мына кісіні үйіне дейін шығарып салыңдар»,-деді.

Хұсайынның бірнеше кісімен шығып келе жатқандығын көрген

құрайыш мүшріктері: «Хұсайын да дінін тәрк етті», - деп онымен

сөйлеспестен тарап кетті.

10

Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хұсайынды

(р.а.) хикметпен, жақсы үгіт-насихатпен, ғажайып ахлақ үлгісімен

мұсылманшылыққа шақырған еді. Мұндай керемет ілтипатты көрген

Хұсайын, үйден шықпай жатып-ақ имандылық нұрына бөленген еді.

***

Бибі Айша анамыз (р.а.)Пайғамбарымыздан (с.а.у.): «Ұхуд соғысынан

да ауыр қайғыға батқан күніңіз болды ма?» - деп сұраған еді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай деп жауап берді.

«Иә, сенің руыңнан көп жамандық көрдім. Бұл жамандықтардың ең

сұмдығын, Ақаба күнінде

11

жасады. Оған қоса тайыфтық Абдукулалдың

ұлы ибн Абдуялилден пана сұраған едім. Ол ұсынысымды қабыл етпеді.

(Мені аяқкиіммен ұрғызып, қанға бөккен болатын.) Қайғы еңсемді басып

кері қайттым. Қарнус-Сағалибке жеткенше өз-өзіме келе алмадым.

Басымды көтеріп қарасам, бір бұлт мені көлеңкелеп келеді екен. Назар

салып қарасам, бұлттың ішінен Жебірейілді (а.с.) байқадым. Маған

қарап: «Аллаһ Тағала, қауымыңның саған айтқандарын естіді. Сені өз

паналарына алмайтындықтарын да естіді. Оларға қалағаныңды істету

үшін, мына тау періштесін жіберді», - деді.

Тау періштесі маған сәлем берді. Артынша: «Уа, Мұхаммед!

ҚауымыңныңсағанайтқандарынХақТағала естіді.Ментауперіштесімін.

Қалауыңдыорындау үшінАллаһТағала мені сағанжіберді. Не қалайсың?

10. Ибн Хажар, әл-Исаба фи Темиизис-Сахабә, Бейрут 1328, Дару Ихияит-Турасил-Араби

І, 337; Тирмизи, Дағауат 69/3483.

11. Ақаба күні: Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Минада Ақаба деген жерде тұрып адамдарды Исламға

шақырған күні. Сол кезде бұл адамдардыңжартысыИсламдықабылдағанымен қалғандары

Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) қиянат жасап, қысымшылық көрсеткен еді. Міне осы күн «Ақаба

күні» деген атпен танымал болды.