Previous Page  18 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 18 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

18

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) яһудилердің бұзылуын былайша баян етеді.

«Яһудилердің ізгі жандары жаман іспен айналысып жатқан біреуді

көріп қалса: «Досым! Сөзіме құлақ сал! Аллаһтан қорық. Мына істен бас

тарт. Өйткені мұны істеу, саған харам», - деп ескерту жасайтын. Бірақ

олар келесі күні әлгі кісінің сол кешегі іспен айналысып жатқандығын

көргенде, онымен бірге тамақтануға және жүріп-тұру үшін екінші мәрте

ескерту жасамайтын. Міне осы шақ туғанда, Аллаһ Тағала олардың

жүректерін бір-біріне ұқсатты»

.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) осы сөздерді жантайып жатып айтқан еді.

Дереу тік отырып:

«Сендер не бір-біріңе жақсылықты насихат етіп,

жамандықтан тыясыңдар. Залымның зұлымдығына кедергі боласыңдар.

Яки, Аллаһ Тағала жүректеріңді бір-біріне ұқсатып жібереді. Яһудилердің

лағнеттегені секілді, сендерді де лағнеттейді»

, - деді.

3

Әйгілі ғұлама Ғаззали, мұсылман еместермен және пасықтармен бірге

болудың, алдымен ойлау тұрғысынан жақындауға себеп болатындығын,

уақыт өте келе рухани тұрғыдан жақындауға айналатындығын айтып

өткен. Мұндай әрекет кез келген жанның түбіне жетеді.

Тәблиғ қызметінің атқарылмауы кісіні һәм бұл дүниеде һәм о дүниеде

көптеген қиыншылыққа душар етеді. Бұл жайлы Әбу Һұрайра (р.а.)

былай деп әңгімелейді.

«(Сахабалардың арасында мына ақиқатты) құлағымыз шалатын.

Қиямет қайым болғанда, бір кісінің жағасына танымайтын бір кісі

келіп жабысады. Кісі аң-таң болып: «Не қалайсың менен? Мен сені

танымаймын», - дейді.

Жағаға жабысқан кісі: «Дүниеде жүргенімде, менің қателіктерімді,

жаман істермен шұғылданып жүргенімді біле тұра маған ескерту

жасамадың. Мені жамандық таулыдан тыймадың», - деп шағым

жасайды».

4

Тәблиғ қызметіне кірісер кісі ел арасында, білімі, көркем ахлағы, ізгі

амалдарыарқылытанылуыләзім.Өйткені сауатсызкісіжасағантәблиғте,

міндетті түрде қателіктер болады. Сондықтан, тәблиғ қызметіне кірісер

кісі,

білім мен рухани

тұрғыдан кемелденуі керек-ақ.

Сонымен қатар, тәблиғ қызметіндегі әрбір момын, әуелі өзінің жеке

тұлғасын тәрбиелеуі қажет. Өйткені адамдар көзімен көрген нәрсесіне

қатты еліктейді. Үлкен әсер алады. Сол себепті кез келген пайғамбар,

3. Әбу Дәуіт, Мәлахим 17/4336; Тирмизи, Тәпсір 5/6, 7; Бәйхақи, әс-Сүнәнул-Кубра, Дарул-

Фикр Х, 93.

4. Мүнзири, әт-Тәрғиб уәт-Тәрһиб, Бейрут 1417, ІІІ, 164/3506; Рудани, Жамиғул-Фауайд,

ауд.Найм Ердоған, Станбул V, 384.