¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
16
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Аллаһқа ант етейін, Хақ Тағаланың сен арқылы бір кісіні тура жолға
түсіруі, (дүниедегі ең бағалы, құнды дүние болып табылатын) қызыл
түйелердің иесі болуыңнан хайырлы»
(Бұхари, Асхабун-наби 9)
.
Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) байлығының көпшілігін құлдарды азат етуге,
олардың тура жолға түсуіне жұмсады. Кез келген момынды сүйіндіру,
құлдық міндетін еш нәрсеге алаң болмай өтеуіне қол ұшын беру Әбу
Бәкірдің (р.а.) сүйікті ісі болатын. Әбу Бәкірдің (р.а.) байлығын
осындай кейіпте сарп ететіндігін әкесі Әбу Куһафа (р.а.) жақтырмайтын.
Бір күні ұлына қарап: «Ұлым! Сен әрдайым нашар, әлсіз құлдарды азат
етіп жүрсің. Құл азат етуді тоқтатпасаң, ең болмаса күштілерін азат ет.
Басыңа іс түсіп жатса, сені қорғап қалады», - деді.
Әбу Бәкір (р.а.): «Әкешім! Менің мақсатым Хақ Тағаланың
разылығына қол жеткізу. Мен оларды азат етудің сауабын Аллаһтың
құзырында алуды қалаймын»,-деді.
Хазірет Әбу Бәкірдің осы және де өзге игі істеріне орай, төмендегі
мына аяттар түсті.
«
(Дүние-мүлкін Аллаһ жолында)
жұмсап, тақуа болғанға, әрі
көркем сөзді
(кәлима-таухидтті һәм жәннаттың бір екенін)
растағанға
(игі іс жасауды, құлшылықты)
жеңілдетеміз»
(Ләйіл сүресі, 5-7 аяттар)
.
2
Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) төмендегі мына хадис-
шәріпте былай дейді:
«(Адамдарды) тура жолға шақырған жан, (оның
сөзіне құлақ асып) соңынан ергендердің сауабындай сауап алады. Бұл
сауап, оның соңынан ергеннің сауабын аз йтпайды. Ал (адамдарды)
жаман жолға шақырған жан, (оның сөзіне құлақ асып) соңына ергендердің
күнәларындай күнәға батады. Бұл күнә, оның соңынан ергеннің күнәсін
азайтпайды»
(Мүслим, Білім 16; Әбу Дәуіт, Сүннет 6/4609)
.
Демек, адамдарды жақсылық, игілік жасауға шақырудың мол сауабы
бар екен. Ал жаман жолға шақырудың, бастаудың күнәсі тек бір кісімен
ғана шектеліп қалмай, қоғамды бұзады ағайын!
Тәблиғ қызметі сонымен қатар, «үлкен жиһад» болып табылады. Хақ
Тағала Құран Кәрімде:
«
(Уа, Мұхаммед!)
Кәпірлерге бас име! Оларға
Құран Кәрім арқылы ұлы жиһад жаса!»
- дейді
(Фурқан сүресі, 52-аят)
.
Аяттағы бұл «ұлы жиһад» бұйрығы, момындардың мүшріктермен
шайқасуға материалдық тұрғыдан шамасы жетпеген Мекке дәуірінде
түскен болатын. Бұл жиһадтың тағы бір мағынасын айқындай түседі.
Ол, Құран Кәрім әмірлерінің іске асуы мен адамдарға түсіндірілуі болып
2. Ибн Хишам, Сирәтун-Нәби, Бейрут 1937, Дарул-Фикр wІ, 341; Тәбари, Жамиғул-Баян
ған Тәуили Айил-Құран, Бейрут, 1995, ХХХ, 279 (Ләйіл сүресінің тәпсірінде); Суюти,
Лүбәбун-Нуқул, Бейрут 2006, 257-258