¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
12
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Қызмет, нәпсінің менмендігінен құтылып, өзгешіл, халықшыл
рухпен күллі жаратылысқа еңбек етіп, Аллаһтың разылығын іздеу
демек. Шынайы пейілмен жасалған қызмет, ақиқатында, Аллаһ Тағалаға
қауышу құштарлығының іс-әрекеттерде көрініс табуы болып табылады.
Әрбір мүмин өзінің қоршаған ортасына қызмет етуді Аллаһ
разылығына қол жеткізуге мүмкіншілік танынатын маңызды себеп деп
білуі тиіс. Өйткені, қызмет етуді өз өмірінде негізгі ұстаным ретінде
ұстанғанжан, қоғамда қандай мансапта болуы аса маңызды емес. Өйткені
ол Аллаһ Тағаланың құзырында ерекше мансапқа, дәрежеге ие болмақ.
Хадис-шәріпте:
«Бір қауымға қызмет еткен жан (сауап пен сыйға қол
жеткізу тұрғысынан) олардың ең үлкені, көсемі»
деп айтылған.
1
Әбу Һұрайра (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) былай дегенін
нақыл етеді: «Бір кісі жол үстінде ағаш бұтағын көрді.
«Аллаһқа ант
етемін, мынаны мұсылмандардың мазасын алмауы үшін жолдан алып
тастаймын»
, - деді (Ағашты жолдан алып тастап) жәннаттық болуға
қол жеткізді»
(Мүслим, Бирр 128)
.
«Бір кісі жолда келе жатып, тікен бұтағын көрді. Оны жолдан алып,
жолдыңшетіне лақтырыпжіберді. Аллаһ оның бұл әрекетіне разыболып,
күнәларын кешірді».
Мына нәрсені ұмытпалық, Хақ Тағаланың разылығы кейде шын
пейілмен жасалған болмашы болып көрінген істе болуы мүмкін.
Сондықтан үлкен-кіші деместен барша қызметке ұмтылып, оның
разылығын іздеуіміз керек.
Хақ Тағаланың қабыл ететін амалдарының бірі, оның разылығы үшін
адамдарға қызмет ету әрі көркем ахлақ иесі болу. Өйткені Аллаһтың
жолында жүру дегеніміз, адамдарға қызмет ету, олар үшін пайдалы бола
білу.
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Адамдардың ең қайырлысы, адамдарға
пайдалы болғаны»
, - деген
(Ибн Хажар, әл-Маталибул-ғалиа 1, 264)
.
Аллаһтың разылығына лайық жасалған болмашы қызмет, көптеген
құлшылықтан артық болуыәбденмүмкін. Бұл ақиқатты«алтын ғасырда»
болған бір уақиғамен дәлелдеп көрелік.
Ауа-райы қатты ысып кетіп, сапарда келе жатқан Пайғамбарымыз
(с.а.у.) тынығу үшін аялдады. Сахабалардың бір бөлігі ораза ұстаған
еді. Олар қатты шаршағандықтан, дереу ұйқыға бас қойды. Ораза
ұстамағандар, көлеңкелейтін шатырлар құрды. Дәрет алу үшін және
жануарларды суғару үшін су тасыды. Ораза ұстағандарға қызмет
етті. Ауыз ашу уақыты келгенде Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
«Бүгін ораза
1. Дәйлами, әл-Фирдаус би-масирил-хитаб, Бейрут 1986, ІІ, 324.