¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
14
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
болса да істі, қызметті жәй жүргізу қызметтің құндылығын жоғалтады.
Жасалған қызметті Аллаһ разылығына қол жеткізу үшін, берілген
мүмкіндік деп тану және құлшылық сезімімен атқару керек. «Алтын
ғасырда» болған мына уақиға бұған айғақ бола алады.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларының бір бөлігін жорыққа
аттандырған еді. Солардың ішінен бірі қалып қойды. Жанұясына:
«Аллаһтың Елшісімен түскі намазды бірге оқып, оған сәлем беріп
қоштасайын деп қалдым. Әрі маған қиямет күнінде шапағат ететін дұға
оқуын сұрайын», - деді.
Әлгі кісі Пайғамбарымызбен (с.а.у.) түскі намазды оқығаннан кейін
барып сәлем берді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Жолдастарыңның сені қаншалықты озып
кеткендігін білемісің?»
- деді.
Сахаба: «Иә, таңертеңнен бері қанша жүрсе, сонша озып кеткен
шығар», - деді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Жанымды қолында ұстап тұрған Аллаһтың
атымен ант етейін, олар сенен сауап тұрғысынан, шығыс пен батыстың
арасындағы ең ұзақ қашықтықтай ұзап кетті»
, - деді
(Ахмет III, 438)
.
Басқа риуаятта Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Жер жүзіндегі барша нәрсені
инфақ етсең де, олар қол жеткізген сауапқа жете алмайсың»
, - деді
(Тирмизи, Жұма 28/527; Ахмет I, 256; Бәйһақи III, 187)
.
Бұл сахаба игі ниетіне қарамастан Аллаһ Елшісінен (с.а.у.) ескерту
естуге мәжбүр болды. Ол оған жақын болуды қалаған еді. Бірақ өкінішке
орай оны мұңайтты. Демек, басты қағида Аллаһ жолында шын пейілмен
еңбек ету керек екен. Жеке өз басының қамын ойлап, қызметтен ұзақ
тұру рухани тұрғыдан үлкен күйзеліске апарып соғуы мүмкін. Сонымен
қатар Хақ Тағала бірлігімізді бұзбай, қызмет етуімізді мұрат етеді. Құран
Кәрімде:
«Күмәнсіз, Аллаһ Тағала өзінің жолында біркелкі қаланған
ғимараттай сап түзеп, соғысқандарды жақсы көреді»
, - деп айтылған
(Саф сүресі, 4-аят)
.
Сүйіспеншілік, қиыншылықтарды қуанышқа айналдыратын ең
күшті құрал болып табылады. Кісі махаббат, сүйіспеншілік арқылы
кез келген қиын істі, оңай жүзеге асыра алады. Аллаһ жолында барша
қызметті сүйіспеншілікпен және рақымдылықпен атқаратын мүмин, өз
ортасындағы жандардың сүйінішіне айналады. Істеген кез келген ісінде
алақанының ыстық табы қалып, Аллаһтың сүйікті құлы болуға күш
салады.
Әйгіліғалымдардыңбірініңтөмендегімынаөнегеліхикаясы,қызметте
жүріп қиыншылыққа тап болған кез келген жанға жол көрсетеді.
«Бір киік, өзге киікке былай деп шағымданып жатқан еді.