(
11
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Қызмет
Қызмет, Хақ Тағаланың бізге жүктеген әлеуметтік құлдық
міндеттеріміздің бірі. Момынның ғұмыры, күллі жаратылысқа қызмет
саясында береке, рухани тұрғыдан кемелдікке және ұлықтыққа бөленеді.
Фәни тәнін Аллаһқа қызмет ету үшін құрбан еткен жан, мәңгі жасайтын
рухын азаптан азат етеді.
Хазірет Мәулана мұны былай хикая етеді:
«Құлшылық етіп, жақсылық жасап, жомарттық танытып, халыққа
қызмет етіп оятқан көкірек көзің арқылы алуан түстерден басқа
бояулардыкөресің. Қарапайымтастардыңорнына інжу, маржан тастарын
көресің. Інжу деген немене? Сен теңізге айналасың. Көктен көз тастап,
серуендейтін күн боласың».
Хақ Тағала біздерге сансыз нығметтер нәсіп еткен. Бұл нығметтер
арқылымахлұқатынақызмет етуіміздімұрат етеді.Өзіне сыйғатартылған
нығмет пен мүмкіндіктерді өзімшілдік танытып, тек өз пайдасына ғана
жұмсапқызмет етпегендержеміссіз ағашіспетті. Бұлжаншынар ағашына
қатты ұқсайды. Шынар ағашы өте биік болып өседі. Алайда жемісі
болмайды. Тіпті діңгегінен дұрыс тақтай да шықпайды. Тек жағылатын
отын ретінде пайдаланылады. Зәйтүн ағашы болса, отырғызылғаннан
бір-ақ жыл өткеннен кейін жеміс бере бастайды. Шынар ағашы секілді
биіктігі де жоқ.
Адамзат баласы да байлық, денсаулық, білімділік т.б. секілді
материалды және рухани тұрғыдан үлкен мүмкіндіктерге ие бола тұрып,
шынар ағашы секілді жеміссіз болса, өзіне орасан зор залал тигізеді.
Ақылды жан зәйтүн ағашы сияқты көп уақыт өтпестен жеміс беруге,
яғни маңайындағыларға пайдалы болуға тер төгуі қажет. Оның жемісі,
күллі жаратылысқа қызмет ету болып табылады.
Хақ Тағала қызмет етуге үлкен сыр берген. Аллаһқа құлшылық
ету үшін жаратылған адам баласына қызмет ету құлшылықтың бір
түрі болып табылады. Аллаһ, дініне қызмет еткен және құлдарының
қиыншылықтарын
жеңілдету
үшін
тер
төккен
жандардың
қиыншылықтарын өтеуді өз мойнына алады. Барша ісі тек өз дертінен
аспаған жандарды өзімен-өзін алпарыстырып әуреге салып қояды.