(
15
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Бұдан былай Қағбада, Харам-шәріпте өмір сүремін. Сол жерде
жайылып жүруге бел байладым. Өйткені, аңшылар барша жерге қақпан
құрып тастады. Күні-түні қыр соңымыздан қалмайды. Осылайша аңшы
дертінен құтылғым келеді. Көңілім де тынышталады».
Оның сөзін тыңдап тұрған өзге киік: «Ей, ақылды досым! Өмір сүруді
қаласаң, әрдайым өзіңді қайрап жүр. Болат қылыштан өткір бол. Қауіп-
қатер, қабілетіңді емтихан етеді. Дене мен жанның құдіретін, тек қауіп-
қатер арқылы біліп отырамыз», - дейді.
Адамзат баласына жасалатын ең үлкен қызмет, исламды тәлім ету
болып табылады. Яғни, адамдарға жақсылық, игілік жасауды, ақиқат
бұлағынан сусындауды насихат ету. Әрі оларды жамандық атаулының
барлығынан тыйылуға үгіттеп, Хақ Тағалаға дағуат ету.
Аллаһтың кітабының әмірлері мен Оның Елшісінің сүннетін
мүлтіксіз іске асыру үшін, әуелі ақиқатты таныту мен халыққа қызмет
ету сүйіспеншілігі көңілімізде орнығуы қажет.
1. Аллаһқа дағуат ету
(шақыру)
Әлдебір мүминді өзге адамдардан айыратын ең маңызды қасиеттердің
бірі – мейірімділік. Жаратушыға деген махаббаттан жаратылысқа
көрсетілетін мейірімділіктің көрінісі ретінде жасалатын қызметтердің
ұлығы Исламды тәблиғ ету және Аллаһқа шақыру болып табылады.
Адамдарды жақсылыққа шақыру, қателіктерін түзетіп білместікпен
үйрене алмаған шындықтарды, туралықтарды үйрету, рухани ішкі жан
дүниелерін биіктетіп Аллаһқа жөнелдіру олар үшін атқарылуы тиіс ең
үлкен қызметтердің бірі. Олардың бұл дүниелік әрі о дүниелік өмірлерін
бақытқа қауыштыратын бұл қызмет, бізге иман келтіруімізді нәсіп еткен
Аллаһқа шүкір борышымызды өтеуге себепкер болары хақ. Сонымен
қатар, Хақ Тағаланың разылығына қол жеткізуге себепші болатын
берекелі әрі ізгі іс. Әрбір адам баласы үшін Аллаһ Тағаланың төмендегі
мына мадағына қол жеткізуден артық мұраты, арманы бар ма екен?
«
(Адамдарды)
Хақ Тағалаға дағуат етіп, ізгі іс істеген, әрі мен
мұсылмандарданмын деп айтқан
(кісіден)
сөз тұрғысынан кім артық
бола алады?»
(Фуссилат сүресі, 33-аят)
.
Ұлық Раббымыз, салих құл болуымызды қалап:
«Сендердің
араларыңнан игілікке шақыратын, жақсылық жасауды әмір етіп,
жамандық атаулыдан тыйатын бір топ болсын! Міне солар мұратына
жеткендер
(болып табылады)
»
, - дейді
(Әли Имран сүресі, 104-аят)
.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) тәблиғ қызметінің маңыздылығын төмендегі
мына хадисінде атап көрсетеді.