Previous Page  4 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 4 / 462 Next Page
Page Background

(

4

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Хазірет Әли емтихан дүниесіндегі адамзат баласының бейқамдығын

һәм соған алдануын:

«Ізгілікке қол жеткізу өте қиын. Ал масқаралыққа

бой алдыру өте оңай»

деп суреттейді.

Сондықтан адам баласы әрдайым рухани тәрбиеге мұқтаж. Тәрбие

адам баласының жаратылысында болмаған нәрсені үйретпейді.

Тақуалыққа немесе азғындыққа, жақсылыққа немесе жамандыққа

бейім болуы адамның бойында о бастағы жаратылысынан бар дүние.

Асыл ізгілік сол жаратылыстағы жағымсыз бейімділікті жойып, негізгі

ерекшеліктерін тануға, қалыптастыруға тырысу.

Міне, Хақ Тағала әрбір құлының нәпсісінің құрған тұзақтарына

түспеуге, қор болып өмір сүрмеуге және жаратылысындағы

ерекшеліктерді тану үшін

«ең көркем кейіпте»

ізгілікке толы кешудің

қағидасын иләһи кітаптар арқылы жеткізген. Әрі сол ізгіліктерді бізге

үлгі ретінде көрсету үшін пайғамбарлар жіберген.

Өйткені, кез келген нәрсенің әдемілігін таныту үшін тек жақсы

ұстанымдар, қағидалар қою жеткіліксіз. Өлшемдер, үкімдер және

ұстанымдар қанша жүйелі болса да, олардың іс жүзінде яғни теорияның

тәжірибеде қандай екендігі, өмірден мысалдар алу арқылы ғана білінеді.

Ал егер бұлай болмаған күнде ол керемет ұстанымдар тек теория

жүзінде қалып қоюға мәжбүр болады. Адам баласы әрдайым үлгі-өнегеге

мұқтаж. Өнеге болмаса ақиқаттарды, әдеміліктерді және ізгіліктерді

ұғына алмайды. Оның санасындағы жақсылық яки жамандық тек өнеге

арқылы айқындалады. Сондықтан, адамзат баласын мәңгі бақытқа

қауыштыратын, ізгілік өлшемдерін өз өмірінде ісжүзіндежүзеге асырған,

әрі үлгі боларлық кәміл жандарға мұқтаждық бар.

Құран Кәрімнің Пайғамбарымыз (с.а.у.) арқылы жіберілуінің басты

сыры осыда жатыр. Яғни, Құран үкімдерінің іс жүзінде жүзеге асу

мүмкіншілігі бар екендігі Пайғамбарымыздың (с.а.у.) теңдессіз үлгі

боларлық кісілігі арқылы танылған. Олай болмаса, адамзат баласы

нәпсісінің қалауына теріс түскендіктен мүлдем жүзеге аспайтын, тағат

жетпейтін, адам қиялы бойламайтын үкімдер ретінде қарастырады.

Өйткені пайғамбарлар дүниеден өткеннен кейін, ұлы ұстанымдарды өз

өмірімен ұштастыра білген жандар қалмаған дәуірлерде адамдар иләһи

кітаптардағы нендей тағлымдарды, ізгіліктерді және әмірлерді «бұлар

жүзеге аспайтын нәрселер» деп өз пайдалары мен нәпсілеріне қолайлы

етіп өзгертіп отырған.

Бұдан ұлы ұстанымдардың шынында жүзеге асатындығын, тек

өмірден алынған мысалдармен ғана растауға болатындығы байқалады.

Сондықтан, соңғы иләһи кітап Құран Кәрім, пайғамбардың жүрегіне

түсірілген. Әрі иләһи әмірлер оның бойынан орын алып, өмірлік

ұстанымдары ретінде қалыптасқан. Осылайша барша адамзат оны өзіне