Previous Page  202 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 202 / 208 Next Page
Page Background

202

Тағылым тамшылары

төсек тартып жатып қалғанын естіген ауыл адамдары

қартқа «Сенің әнеугүні айтқаның сол күйі рас екен.

Балаң енді аяғы жарай қоймай, көп уақыт емделіп жа-

тар болса сенің күнің тіптен қараң болады екен» деп

мүсіркесіпті.

Қарт болса:

– Сендер әлі де кесіп-пішіп шешім айта қоюға

асықпаңдар, – депті, – баламның аяғын сындырғаны

әзірше бізге мәлім болғаны ғана. Ал ары қарай не бо-

лары бізге беймәлім, тіпті болжауға да дәрменсізбіз.

Өмірде де осындай ұсақ-түйек нәрселерден басталып,

ар жағы неге апарып соқтырары белгісіз жайттар жиі

кездеспей ме? – депті әуелгі қалпын бұзбастан.

Бірнеше аптадай кейін ел шетіне өздерінен сан

жағынан да, қару жағынан да бірнеше есе басым

жау тиіп, күтпеген жерден алапат соғыс басталып-

ты. Патшаның соңғы үміті – қолына қару ұстай алған

бүкіл жастарды соғыс майданына салу ғана болып-

ты. Ауыл ауылды аралаған патша шабармандары

аяғы сынған кедейдің баласынан басқа ауылдағы жас

атаулының бәрін тізіп тұрып соғысқа әкетіпті. Ауыл-

ды мұң басыпты. Өйткені мыңғырған жауды жеңу бұл

жолы тіптен мүмкін емес екендігін, әрі соғысқа кет-

кен балаларының не қаза табатынын, не жау қолына

тұтқын болып түсерін ел жақсы білсе керек.

Ауыл адамдары тағы да қартқа келіп: – Сенің

айтқаның тағы да рас шықты, – депті, – Балаңның аяғы

сынса да, әйтеуір, қасыңда, көз алдыңда болатыны

жаныңа жұбаныш емес пе?! Ал біздің балаларымыздың

соғыстан өлмей, не тұтқынға түспей, аман-есен үйге

оралуы екіталай. Балаңның аттан құлап аяғын сын-