Previous Page  199 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 199 / 208 Next Page
Page Background

199

Таңдамалы әңгімелер

балаға ауыр тиген нәрсенің балмұздақ екенін байқату

мақсатында: – Балақай, қане айта қойшы, әкеңді

қаттырақ жақсы көресің бе әлде балмұздақты ма? – деп

сұрағанымда, бала еш ойланбастан: – Балмұздақты, –

деп жауап берген еді.

Иә, бала небәрі 3-4-ақ жаста. Ол жақсы көрген

нәрсесіне көзсіз құлай берілудің кейде зиянды бола-

тынын білмейтін. Сондай-ақ, балмұздақты емес өзіне

ерекше қамқорлық көрсетіп, оның бар жағдайын жа-

сап отырған әкесін жақсы көру керектігін, өзінен

ештеңесін аямайтын әкесінің балмұздақпен ешқашан

салыстыруға келмейтін теңдессіз тұлға екендігін әлі

ұғына қоймаған жаста еді. Тек қана балалық әнтек

сезім шеңберінен аса алмаған күйде солай жауап бер-

ген еді.

Ал біздер ше, үлкендер?! Көбінесе әлгі әлі

ештеңенің байыбына бара қоймаған, ана сүті аузы-

нан кеппеген кішкене баланың кейпіне еніп, бізді

шексіз нығметтерге бөлеп, ризық-несібемізді молынан

үлестірген құдіреті күшті Ұлы Жаратушымызға шүкір

етіп, сүйіспеншілікпен қарап, ерекше бір ықылас-

пейілменСоған бетбұрудың орнынаОныңпәрменіндегі

ойыншық іспетті дүние тіршілігін көбірек жақсы көріп

жүрген жоқпыз ба? Зиянды екенін біле тұра бір тұтам

дүние тіршілігіне бар ынта-шынтамызбен құлай беріле

кірісетініміз соншалық, Ұлы Жаратқан алдындағы

құлшылығымызды да қаперге ілмей жүрген жоқпыз

ба?!

Әй, бұл пендешілікті қойсайшы?!