Previous Page  198 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 198 / 208 Next Page
Page Background

198

Тағылым тамшылары

алмаған, сендерге осы уақытқа дейін тәрбие бере

алмаған біз жеуіміз керек. Таяқ жеуге сендер емес,

қайта біз көбірек лайықпыз. Егер біз сендерге тәрбие

бере алғанымызда сендер жаман жолды қаламаған бо-

лар едіңдер. Ал ұрыңдар мына жалаңаш арқамыздан!

Сыныпқа кірерде зәрелері қалмай қорыққан

оқушылар еш күтпеген мынадай жағдайға тап

болғанда естері шыға жалынып кешірім сұрасты: –

Бізге не істесеңіздер де өз еріктеріңіз, тек өтінеміз

кешіріңіздерші, екінші рет қайталамаймыз! – десті жы-

лап.

Мектеп директоры іштей бұл іске шындап бекінген

болатын, дегенмен оқушылардың көздерінен жас

мөлтілдеп шынымен жалынып кешірім сұрап тұрғанын

көргеннен кейін барып райынан қайтты. Оқушылар да

екінші мәрте қашуды сап тыйды.

Әкеден артық балмұздақ

Жақын бір жолдасым 3-4 жасар баласын құшақ-

таған күйі емханаға әкелді. Баласының қызуыкөтеріліп,

не құсқанына дейін тәптіштеп ентіге жеткізуінен-ақ

баласына деген әкелік махаббатының шексіз екендігін,

баласы үшін терең уайымға салынғанын сезу қиын емес

еді. Бір қарап шыққаннан кейін «Бір нәрсе жүрегіне

тиіп қалған болар?» деп күдігімді айтқанымда: –

Тоңазытқышта тұрған бір килоға жақын балмұздақтың

шамамен бәрін жеп қойыпты. Біз оны кейіннен білдік, –

деді. Мәселенің мән-жайы енді түсінікті болды. Алайда

баласын қатты жақсы көретін әкені сабаға түсіру бала-

ны емдегеннен де қиынға соқты. Осы орайда баланың

да әкесін қаншалықты жақсы көретіндігін білдіру әрі