Previous Page  200 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 200 / 208 Next Page
Page Background

200

Тағылым тамшылары

«Байлық-алақандағы мұз, бақ-басқа қонған құс.

Бірі-еріп кетер, бірі-ұшып кетер» деген даналар сөзі

не деген мағыналы айтылған десеңізші?!

Аяғы сынған бозбала

Қытай ойшылы Лао Цзудың әңгімесі:

Бір ауылда жасы егде тартқан, самайын қырау

шалған қарт кісі тұрыпты. Тұрмысы жұпыны, күнкөрісі

төмен кедей екен. Бірақ оның атырапқа жүйріктігімен

аты шыққан сәйгүлігі болыпты. Әлгі дүлдүл атқа

патшаның да қатты қызыққаны соншалық, тіпті

қазынасының тең жартысына айырбаста десе де, кедей

байғұс ат тонын ала қашып, көнбей қойыпты. Атын

сұратып келгендерге ол: – Бұл менің жай атым емес,

ол – мен үшін дос. Досты сатуға бола ма екен?! – деп

жолатпайтын көрінеді.

Шал бір күні таңертең қараса, қорадағы аты ұшты-

күйліжоқ.Әне-мінедегеншежиналыпқалғанауыладам-

дары: – Әй, шал, сен ақылыңнан алжасқан боларсың,

сірә?! Әйтпесе әркімнің көзі түсе бастағаннан-ақ сол

аттың жоғалатынын ертерек білсең болмас па еді?!

Одан да патшаға сатқаныңда ғой, қалған өміріңде не

ішем, не кием демей, балқып-шалқып өтер едің. Енді

мынау отырысың, не ақшаң жоқ, не атың жоқ, – деп

дүрсе қоя беріпті.

Қарт ойланып:

– Сендер шешім айтуға бұлай асықпаңдар, – депті.

– Азар болса ат қана жоғалар, ар жағы не болатынын,

неге апаратынын қайдан білесіңдер? Әрі-беріден кейін,

сол аттың аяқ астынан жоғалғанының өзі не бақ, не сор