Previous Page  201 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 201 / 208 Next Page
Page Background

201

Таңдамалы әңгімелер

екендігіне көздерің жетіп тұрған жоқ қой, – деп, олар-

ды сабырға шақырыпты.

Ауыл адамдары шалдың сөзін мазаққа айналды-

рып, әбден күлісіпті.

Арадан бір-екі апта өтпей жатып, бір түні ат үйге

оралыпты. Сөйтсе, аттың өздігінен босап, тауға қашып

кеткені болмаса,

оныешкімұрламағанекен.Ал

ат болса,

өзімен бірге таудағы он екі иесіз жабайы жылқыларды

да үйіріп ерте келсе керек. Бұны көрген ауыл адамдары

жиналып кеп, қарттан кешірім сұрапты.

– Сенің айтқандарың рас шықты. Атыңның

жоғалғаны сен үшін сор емес қайта бақ болды. Аяқ

астынан бір үйір жылқыға ие болып, байып шыға

келдің, – десіпті.

Қарт басын шайқап:

– Сендер шешім айтуға тағы да тағатсызданып

тұрсыңдар. «Аты табылыпты, өзі қайтып келіпті»

деп, осыны ғана айтыңдар, әріге бармаңдар. Әзірше

бізге анығы осы емес пе? Ал ар жағы не боларын,

неге ұласарын кім біліпті?! Бір кітапты ашпай жа-

тып, бір сөзін оқи сала, мына кітап түгелдей мына

жайлы екен деп, кесіп-пішіп айтуға бола ма екен?

– деп жиналғандарды тағы да әліптің артын бағуға

шақырыпты.

Ауыл адамдары бұл жолы қартты көзінше

мазақтамапты. Іштерінен «Әй, осы, шамасы, ақымақ-

ау» десіп тарқасыпты.

Бір апта өтер өтпестен жабайы аттарды қолға

үйретем деп жүріп қарттың жалғыз баласы аттан құлап,

аяғын сындырып алыпты. Үйін жан бақтырып отырған

жалғыз баласының аяғын сындырып алып, ұзақ уақыт