196
Тағылым тамшылары
Темір шыбық
Мектепте сабақпен қатар тәлім-тәрбие мен ұлттық
мәдениеткедежеткілікті деңгейдекөңілбөлінгендеғана
рухы мықты, тәрбиелі азаматтар өсіп шығары сөзсіз.
Тәлім бөлек, тәрбие бөлек. Адамдардың көпшілігінің
қолынан мұғалім болу келгенімен тәрбиеші болу келе
бермейді.
Айдар ағайЕржан ағайға қарап: –Тағыда қашыпты,
– деді, – Бұған дейін де талай мәрте ескерткенбіз.
Ешқандай сөз өтпейді. Міне, мынау үшінші рет болып
отыр.
– Сонда бұлар неге қашады? – деп сұрады ол.
– Білмеймін. Тәрбиеге көнбей өз беттерінше өмір
сүргілері келеді.
– Бұрын қалай ұстап едіңіздер?
– Бір жолы автобус бекетінен ұстап әкелдік. Екінші
рет қашқанда парктегі орындықта ұйықтап қалыпты.
Біздегі тәрбиенің қатал, түнге қарай оқушыларға бей-
сауыт көшеге шығуға болмайтындығын жақсы білетін
маңайдағы полиция қызметкерлері көріп қап әкелген
болатын.
...Үшеуі тағы да мектептен қашуды жоспарлады.
Олар бұлжолыпойызбен қашпақшыболды. Билет алуға
кассаға жақындағанда, кассирші әйел бұлардың «тегін
еместіктерін» сезіп: – Бұл жер өте қауіпті. Билеттерің
мен ақшаларыңды маған бере тұрыңдар, пойыз кел-
генде өздеріңе қайтарып беремін, – деп алдады. Сеніп
қалған оқушылар сөзге келместен, оған билеттері мен
ақшаларын берді. Кассирші әйел дереу бекет поли-
циясын шақырып алып, әлгі оқушылардың қай мек-
тептен екендіктерін білуді әрі сол мектепке хабарлау-